Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында 54 курсант оқу үздігі атанбақ

РЭжБӘИИ-дің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2018 19:18 РЭжБӘИИ-дің баспасөз қызметі
Курсанттар белгіленген күні таңдаған пәні мен дене дайындығы бойынша мемлекеттік емтихан тапсырып, дипломдық жұмыстарын қорғайды.

Қарулы Күштерге қарасты Радиоэлектроника және байланыс-әскери инженерлік институтында бітіруші түлектері үшін мемлекеттік аттестациялық емтихан басталды. Офицерлер құрамынан тағайындалған комиссия мүшелері өз жұмыстарына кірісіп те кетті. Институт бастығы полковник Асқар Мұстабеков әр бітіруші түлек ертеңгі күні командир атанып, жеке құрам алдында үйренгенімен бөлісетінін және адам өміріне, әскери техникаға, тәуелсіздік тұғырына жауапты екендіктерін ескерте келе, сын сағатта сыннан сүрінбей өтулеріне тілектестігін жеткізді. Бұл туралы zakon.kz РЭжБӘИИ-дің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Курсанттар белгіленген күні таңдаған пәні мен дене дайындығы бойынша мемлекеттік емтихан тапсырып, дипломдық жұмыстарын қорғайды.

Биыл институт қабырғасында 214 бітірушінің 42-сі оқу үздігіне, 12-сі оқу үздігінің төс белгісіне үміткер. Салыстырмалы түрде 2017 жылы оқу үздігі 32 болса, оқу үздігінің төс белгісін 4 бітіруші таққан болатын. Институтта білім беретін оқытушы-профессорлар құрамының қажырлы еңбектерінің нәтижесінде білім беру сапасы артып, оқу үздіктерінің саны еселенді.

Білім мен спортты, өнер мен зияткерлікті қатар серік етіп, жоғары жетістіктерге жеткен курсанттар да жетерлік. Бес жыл ішінде 214 курсанттың 186 әртүрлі санатта спорттық дәрежеге қол жеткізді. Оладың 4-еуі спорт шебері атанса, 7-еуі спорт шеберлігіне үміткер. Солардың бірі курсант А.Рақымжанов оқуда озат атанып, оқу үздігінің төс белгісіне үміткерлігімен қоса дзюдо мен қазақша күрестен спорт шеберлігін қорғап, республикамыздың бірнеше дүркін чемпионы атанды. Курсант А.Байсалбаев ТМД Қарулы Күштерінің арасында өткен гір тасын көтеру сайысының екі дүркін күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы атанып, спорт шебері атағын қорғады. Сонымен қатар, оқу үздіктері және спорт шеберлері курсант Р.Исмайлов гір тасын көтеруден, курсант М.Наурызбаев спорттық бағдарлаудан ел чемпионы атағын жеңіп алды.

Көңілді тапқырлар клубының сахнасында жарқындай жарқылдап, өткір әзілдерімен көремендердің көз айымына айналып, жоғарғы лигаға дейін көтерілген «Байланыс жігіттерінің» курсанттары Д.Сұлтанбай мен С.Аманжолов оқуда озат, спортта алғыр, өнерде команданы жеңіске жетеледі. Ал оқу үздігінің төс белгісіне үміткер курсант С.Құрбанбек ақындық өнерді бойына сіңіріп, қоян-қолтық төбелестен республика бойынша жүлдегер атанды.

Институттың 5 оқу үздігі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Елбасының қолынан алтын медаль алады деп жоспарланған.

Қорғаныс саласының басшылары білікті командирлерді дайындауда дұрыс бағытты таңдай алған. Институт басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы және бітіруші түлектердің батальон, рота, взвод командирлері өздеріне қойылған жауапкершілікті толықтай орындап келеді. Алдағы уақытта да білікті де білімді, кәсіби деңгейі жоғары, антына адал патриот офицерлердің санын арттыруды мақсат етіп қойған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: