Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ninety One тобының жаңа альбомы жарық көреді

Жақында Dopamine деп аталатын жаңа альбом шығады.

Сурет : Baq.kz30 Мамыр 2018, 15:42

29 мамыр Астанада өткен Open Air шоуында Q-pop бағытында өнер көрсететін қазақстандық Ninety One тобы тыңдармандарына жақында жаңа альбом ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Астанада Қазақ елі монументі алдындағы алаңда қазақстандық және ресейлік жұлдыздардың қатысумыен «Ұлы дала бірлігі» атты ашық аспан астындағы концерт өтті. Концертте соңғылардың бірі болып сахнаға Ninety One тобы шықты.

«Сәлем, Астана, қалдарыңыз қалай? Күн суық емес пе? Меніңше, суық сияқты. Жалпы күтіп алғандарыңызға үлкен рахмет. Біз жып-жылы Алматыдан келіп, дым түсінбей қалдық. Неге бәрі «Mooz» деп қоямыз. Қар жауып жатыр. «- 2 градус болды» дегенді естіп жатырмыз», - деп жігіттер Астана тұрғындарымен сәлемдесті.

Концерт барысында Ninety One тобы жаңалығымен бөлісті.

«Жақында Dopamine деп аталатын жаңа альбом шығады. Ал dopamine не екенін «уикипедиядан» қараймыз. Сол себептен Qarangy Zharyq (соңғы шықан альбом атауы – авт.) эрасы бітіп барады. Dopamine эрасы жақындап келеді. «Қараңғы жарықтың» соңғы өлеңі қазір орындалады. Алдағы уақытта жеке концертте көріскенше», - деді топ мембері Zaq.

Еске сала кетсек, биыл Астананың 20 жылдығына орай өткен Open Air концертінде 30-ға тарта отандық және ресейлік жұлдыз өнер көрсетті. Атап айтқанда, Маржан Арапбаева, Қайрат Нұртас, Ринат Малцагов, Бейбіт Кушкалиев, Мөлдір Әуелбекова, Райм мен Артур, «Ринго», «Музарт Life», «91» топтары, Дима Билан, Натан, Сергей Лазарев, «Градусы» тобы, Анна Седокова, Елена Темникова, Макс Барских, Анна Семенович және басқалары бар. Өткен жылы ЭКСПО–2017 көрмесінің аумағында өткен Оpen Аir шоуын 50 мың адам тамашаласа, Қазақ елі монументі алдындағы алаңға 100 мың адам жиналды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер