Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ҚР Мемлекеттік хатшысы Сингапур Ұлттық университетінің профессоры Лим Сионг Гуанмен кездесті

Мемлекеттік хатшы Сингапурдың әлеуметтік-экономикалық даму ісіндегі тәжірибесінің Қазақстан үшін мәні зор екенін атап өтті.

Сурет : sn.kz30 Мамыр 2018, 17:42

Кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова биыл Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толғанына тоқталып, Елбасының тапсырмасымен елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосуға бағытталған «Қазақстан – 2050» стратегиясының жүзеге асырылып жатқаны, экономиканы, саясатты және қоғамдық сананы қамтитын жүйелі жаңғыру жүргізіліп отырғаны, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында ауқымды өзгерістер қолға алынғаны жөнінде айтты. Бұл туралы zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік хатшы Сингапурдың әлеуметтік-экономикалық даму ісіндегі тәжірибесінің Қазақстан үшін мәні зор екенін, әсіресе мемлекеттік қызметті реформалауға, адами ресурстардың сапасын арттыруға және ұлттық экономиканы цифрландыруға қатысты мәселелерді атап өтті.

– Астанадағы Сіздің семинарларыңыз бізге «меритократияның» сингапурлық моделінің негіздерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға септігін тигізеді деп сенемін, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауда адами капиталдың дамуы басымдыққа ие міндеттердің бірі болғанын атап өтіп, Қазақстанда халықаралық деңгейдегі өз университеттеріміз – тәжірибесі еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қолданылатын Назарбаев Университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қазақстан менеджмент, экономика және жоспарлау институты және басқа да білім ордаларының ашылғанын айтты.

– Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебі Қазақстандағы Сингапурдың өзіндік «Education Ambassador» секілді болады және Қазақстан мен Сингапурдың білім беру мекемелері арасындағы серіктестік байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді деп үміттенеміз, – деді Мемлекеттік хатшы.

Кездесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова профессор Лим Сионг Гуанға зор табыс тілеп, сындарлы ынтымақтастықтың одан әрі жалғаса беретініне ниеттестік білдірді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер