Жаңалықтар тізбегі
0

Дональд Трамп Ақ үйде Ким Кардашьянмен кездесті

life.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2018 16:09 life.ru
Америка президенті бикешпен түрме реформасының үлгісін талқылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп, сәрсенбі күні Ақ үйде американдық модель және тележүргізуші Ким Кардашянды қабылдады. Онда пенитенциарлық жүйені реформалаумен, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілген 63 жасар Алиса Мэри Джонсонды ақтап шығу жайында сөз қозғады. Бұл туралы zakon.kz ТАСС жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу жайында Трамп Twitter-де жазып, Ким Кардашьянмен түскен суретін жариялаған.

«Бүгін Ким Кардашянмен кездесу өтті. Біз түрме реформасы мен сенімділік туралы айттық», - деп жазды Президент.

Бұл кездесу Трамптың ресми жұмыс кестесінде жария етілмеген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2018 16:09

CBS телеарнасының мәліметінше, Ким Кардашьян президенттен Джонсонға рақымшылық беруін сұрамақ болған. Айта кетейік, Джонсон заңсыз есірткі сатқандығы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған, тіпті ол ісін қайта қарап шығуға сотқа арыз бере алмаған. Осы уақытқа дейін ол темір тордың арғы жағында шамамен 20 жыл отырған. Бұл сұрақты Ким Кардашьян президенттің бас кеңесшісі және оның күйеу баласы Джаред Кушнермен талқыламақ болған. Кушнер осы тюрме реформасына жауап береді.

Әзірге, кездесу барысында тараптар қандай шешімге келгендері туралы мәлімет жоқ. Бұл туралы президентте, БАҚ құралдары мен фотомодель де әзірге тіс жармады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: