Оралда балмұздақтан ішек инфекциясы табылды

31 Мамыр 2018, 16:38
Сурет: Baq.kz

Үй жағдайында дайындалған жұмсақ балмұздақтың екі сынамасынан ішек инфекциясы табылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Эльвира Тілеуованың айтуынша, Батыс Қазақстан облысында тұрғындар арасында жедел ішек инфекциясымен ауырғандар бар.

Биылғы бес айдың көрсеткіші бойынша, бұл дертпен ауырғандар қатары былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,2 есе көп. Көбінесе 14 жасқа дейінгі балалардың ауырған жағдайы тіркелген, бұл 32,4 пайызға көп.

Инфекция негізі тағам арқылы жұғады. Балмұздақ – балалар арасында бұл инфекцияны жұқтыру тәуекелі көп тағам.

«Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде жұмсақ балмұздақ сататын 17 нысан тексерілді. Соның нәтижесінде үй жағдайында дайындалған балмұздақтың екі сынамасынан ішек инфекциясы табылды. Осыған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар БҚО экономикалық сотына қарауға жіберілді», - дейді Эльвира Тілеуова.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?