Қарағандыда әйел адам менингококк инфекциясын жұқтырғаны анықталды

31 Мамыр 2018, 17:22
Сурет: newtimes.kz

Қарағандыда 35 жастағы әйелден менингококк инфекциясы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір әйелден менингококк инфекциясы табылды. Қазір ол қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды, бірақ медициналық бақылауда», - деді Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлімінің басшысы Жақия Жашыбекова.

Алғашқыда мамандар науқасты іріңді менингитке шалдықты деп ойлаған, бірақ кейін менингококк инфекциясы екенін анықтады. Оны тез арада ауруханаға жатқызған. Қуанышқа орай, онымен байланысқа түскендерден бұл диагноз табылмады.

Ведомствода аталып өтілгендей, Қарағанды облысында бұл жағдай биыл алғаш рет тіркелген.

Еске салайық, Қарағанды облысында бірнеше емханада 1 маусымнан бастап ақылы екпе кабинеттері ашылады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?