Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мобильдік телефон арқылы баланың құжаттарына тапсырыс беруге болады

Нәресте туылған сәттен кейін перзентханада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің электрондық базасына туу туралы факт енгізіледі.

Сурет : mamaexpert.ru1 Маусым 2018, 11:26

Жарты жыл бұрын елімізде «Баланың тууы» қызметінің белсенді форматта іске қосылғанының арқасында баланың тууын тіркеу, ЖСН мен куәлігін алу, айыппұлды рәсімдеу және балабақша кезегіне қою перзентханада жатқан нәрестенің анасына телефоннан SMS-хабарламаны жіберу арқылы қолжетімді болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы қызметтің іске қосылғанынан кейін, онымен ХҚКО-на бармай немесе eGov.kz порталына кірмей барлық Қазақстан бойынша 65 374 ана пайдаланды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен өткізілген ақпараттық жүйелерді итеграциялау арқасында балалардың тууын тіркеу жөніндегі өтініштер автоматты түрде қабылданады. Бүгін белсенді қызметті алу үшін eGov.kz порталындағы Жеке кабинетке өз мобильдік телефон нөміріңізді ЖСН-ге бекіту жеткілікті, қалған әрекеттерді жүйенің өзі жүзеге асырады. Осы қызметтің іске қосылғанынан кейін, онымен 121 230 ана бала тууы жөнінде құттықтау SMS-хабарламасын қабылдады. SMS арқылы жеке деректерді жібергеннен кейін ХҚКО-дан дайын куәлікті алуға немесе оны үйге жіберуге тапсырыс беруге болады» – деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов түсініктеме берді.

Нәресте туылған сәттен кейін перзентханада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің электрондық базасына туу туралы факт енгізіледі. Бұдан кейін, eGov.kz Жеке кабинетінде мобильдік телефон нөмірі ЖСН-не бекітілген ата-анаға автоматты түрде құттықтау SMS-хабарламасы жіберіледі және баланың туылуын тіркеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу ұсынылады. Ата-ана SMS-хабарламасына жауап ретінде баланың толық аты-жөнін жібереді және дайын туу туралы куәілікті қай жерден ала алатыны туралы мекенжай көрсетілген хабарлама алады.

Сондай-ақ, SMS арқылы шот нөмірін сұрайды және бір уақытта жәрдемақы тағайындау үшін өтініш автоматты түрде рәсімделеді.

Соңында, SMS-жауаптар жіберу кезінде баланы балабақша кезегіне рәсімделу болып табылады.

Анықтама: 2017 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2018 жылғы 31 мамыр аралығында белсенді тәсілімен баланың туылуын тіркеуге 36 826 өтініш, жәрдемақы тағаындауға 8 208 өтінім, баланы балабақша кезегіне қоюға 11 809 өтінім жіберілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер