Жаңалықтар тізбегі
0

Президент "7-20-25" бағдарламасы барысында жемқорлыққа жол бермеуді талап етті

Nur.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2018 20:24 Nur.kz
Жағдайды бақылауда ұстау керек - Назарбаев.

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «7-20-25» бағдарламасы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бүкіл партия мүшесіне, барлық әкімге айтамын, бәрі мені тыңдап отыр - бақылауда ұстап, бәрін қалыпты жағдайда іске асырыңдар, бұл жерде жемқорлыққа жол бермеңдер. Кімге тиесілі болса, соған жетуі тиіс. Халыққа жұмыс табылып, белсене кірісетін болады. Бұл бизнесті дамытатын үлкен құрылысқа деген сұранысты арттырады. Тұрғын үйлердің құрылысына құрылыс материалдары, ағаш, металл, әйнектер қажет. Жиһаздандыру керек, газ плиталары да керек. Бұның бәрі бизнеске әкеледі. Яғни, ойлап қарасақ, жұмыс істеу үшін үлкен мүмкіндік тудырып отырмыз. Американың экономикасын көтерген Форд мырза бастаған автомобиль өнеркәсібі екенін үнемі айтып жүреміз. Ал біздің жағдайымызды тұрғын-үй құрылысы мен ауыл шаруашылығы жақсартуы мүмкін", - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, насихат жүргізу үшін әрбір тармақты пайдалану керек.

"Менің айтқан сөзіме қатысты дау туындауы мүмкін. Біз пәтерлерді алдымен жастардың алғанын қалаймыз. Баспаналары жоқ жастар. Маған: "Баспаналары барлар, оны жаңартуға мүмкіндік болса" деп айтады. Бірақ олардың басында баспаналары бар ғой, жаңарта берсін, кеңейте берсін, жұмыс істеп, ақша тауып, сатып алсын. Бұл бағдарламаны біз бүгінгі күні басында баспанасы жоқ адамдар үшін істеп жатырмыз. Әйтпесе алып-сатарлық бағдарлама жасап шығаратын едік қой. Олар бір немесе екі пәтер алып, жалға беріп қоя алады. Жақсылап түсініп алайықшы, бүкіл қоғамға бұл бағдарламаны кім үшін, не үшін істеп жатқанымызды дұрыстап түсіндірейік", - деді Президент.

Елбасының түсіндіруі бойынша, бүкіл қаржы есептелген, егер отбасының екі мүшесі жұмыс істейтін болса, ешқандай мәселе туындамайды.

Ипотекалық несие 7%- дан астпайтын болады. Бұрын 50% -ға дейінгі төлемді алдын-ала төлеуді талап етсе, қазір тек 20% -ы ғана салу шарт. Бұрын несиені арзанырақ төлеу үшін ең көп дегенде 10 жыл беретін, ал қазір 25 жылға дейін созуға мүмкіндік бар. Мысалы, адам қарызын ертекер жауып, баспанасын өз атына толығымен аударады. Осы тұсты халыққа жөндеп түсіндіру керек. Сонымен қатар, жастар, мұғалімдер, дәрігерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің мәселелерін ескеру керек. Жалақылары орташа азаматтарға баспаналы болуларына мүмкіндік ашу қажет, - деді Назарбаев.

Ол сондай-ақ, баспана кезегінде тұрған адамдардың жағдайын тілге тиек етті.

Германия немесе Францияда пәтер кезегінде тұған азаматты көргендерін бар ма? Әлде Америкада? Бұл нонсенс. Нарықтық экономикада ешқандай кезек жоқ, себебі мемлекет бос пәтер бермейді. Осы уақытқа дейін маған зейнеткерлер мен кейбір азаматтар жазады, «маған Астанадан пәтер беріңіз». Бар бағдарламаларға қосылындар. Ардагерлер үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен пәтерді жалға алу, солай емес пе?Қазір барлық өңірлерде жалдамалы пәтерлер бой көтеруде. Әлеуметтік жағдайы нашар, жағдайы жоқ адамдарға осындай баспаналарды жалға беріңдер. Қажетті қаражатты төлеп, тұрсын сол үйде. Нарықта қандай кезек? Біз не туралы айтып отырмыз? Олар парламентке және министрлерге жазады. Қайталап айтамын мемлекетте мұндай заң жоқ. Қажет болса бәрін бере салатын. Қазір біз ипотекалық тұрғын үй құрылысына қатысты осы тармақты жасадық, - деді Елбасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: