Зиннедин Зидан "Реалдың" бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

1 Маусым 2018, 15:15
Сурет: vesti.kz

Мадридтің "Реал" футбол клубын 2,5 жыл жаттықтырған Зиннедин Зидан қызметінен кетті. Бұл туралы Cadena Ser басылымы хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Басылым ақпараты бойынша, бүгін бас жаттықтырушы арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, командадан кетуге шешім қабылдағанын хабарлаған.

Айта кетейік, француз маманы испандық клубпен айтарлықтай жетістікке жетті. Ең бастысы – Чемпиондар лигасында үш жыл қатарынан топ жарды. Үлкенді-кішілі 9 бірдей чемпиондық атақты иеленді.

Зиннедин Зиданның орнына қазіргі таңда "Тоттенхэмді" жаттықтырып жүрген аргентиналық маман Маурисио Почеттино келуі мүмкін.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?