Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Атырауда үшем дүниеге келді

Үшем өмірге ота арқылы келді.

Сурет : ҚазАқпарат1 Маусым 2018, 15:45

Атырау облыстық перинатальдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытты ана Ардақ Жұмағалиева Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылының тұрғыны. Жолдасы Уәли Айдарбеков екеуінде бұрын төрт ұлы бар еді. Енді бірден жеті ұлды болды.

«Баланы байлық санайтын қазақпыз ғой. Жолдасым Уәли Ақтау қаласында вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Өзім үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысамын. Басымызда үйіміз жоқ, сол ғана көңілге кірбің түсіргені болмаса. Осыдан он жыл бұрын, яғни, 2008 жылы жерге арыз берген едім. Әлі алған жоқпын. Қазіргі тұрып жатқанымыз ерімнің әке-шешесінің үйі», дейді Ардақ Жұмағалиева.

Үшем өмірге ота арқылы келді. Мамырдың 22-сі күні перинатальдық орталықтың бас дәрігері, хирург Қуаныш Нысанбаев ота арқылы ана мен балалардың өмірін аман сақтап қалды.

«Үш ұл дүниеге келді. Ана мен балалардың денсаулықтарын қадағалап отырмыз. Салмақтары екі келі 490 грамнан бастап, екіншісі екі келі 685 грамм, үшіншісі үш келі тұратын шараналардың жағдайлары жақсы. Бір аптадан кейін үйлеріне шығады», - дейді емдеуші дәрігер Айгүл Сапарғалиқызы.

Нәрестелер патологиясы бөлімінің меңгерушісі Түрлен Бегееваның айтуынша, дәрігерлер үшін де бұл өте қуанышты сәт. Өйткені, ана мен бала өмірінен қымбат еш нәрсе жоқ. Бірінші бала екі күн өкпені жасанды демалдыратын аппаратта болды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер