Жаңалықтар тізбегі
0

Білікті кадр даярлау – мемлекет дамуының негізгі алғышарты

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2018 22:30 www.zakon.kz
Бәсекеге қабілетті, білімді һәм заманға сай бейімделген маман даярлау басты мақсаты болып табылатын қара шаңырақта көптеген игілікті істер атқарылып жатқаны көзі қарақты қауымға белгілі.

Жетпіс бес жылдық тарихы бар Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұстаздардың ұстаханасы атанған оқу орны. Бәсекеге қабілетті, білімді һәм заманға сай бейімделген маман даярлау басты мақсаты болып табылатын қара шаңырақта көптеген игілікті істер атқарылып жатқаны көзі қарақты қауымға белгілі. Біз бүгін білім ордасындағы соңғы 9 айдағы 10 оң өзгерісті назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Латын тілін үйрету орталығы ашылды

Қыздар Университетінде латын тілін үйрету орталығы ашылды. Білім беру мекемесінде оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі бойынша оқып, жазуды меңгереді. Сонымен қатар, мұғалімдердің біліктілігін тереңдетуге және жетілдіруге бағытталған қосымша кәсіби білім беру бағдарламалары жүргізілмек. Бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін орталыққа білікті тіл мамандары жұмылдырылады.
Университет «хабаршысы» таңдамалы ғылыми басылымдар тізіміне енді

«Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Хабаршысы» Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылған ғылыми басылымдар тізіміне енгізілді. Оқу орнының «Хабаршысы» «Педагогика және психология», «Жаратылыстану», «Физика, математика, информатика», «Тарих, экономика, құқық», «Филология», «Өнер және мәдениет» пәндері бойынша ғылыми және педагогикалық мазмұндағы қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі мақалаларды жариялайды.

Ақпараттық насихат – оң имидж кепілі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қызметін ақпараттық-имидждік тұрғыда ілгерілету – Медиа департаментінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі биылғы жылдың басынан бері оқу орнында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында 800-ге жуық материал жариялады. Бүгінде осы бағытта ақпараттық қолдау көрсететін 3 республикалық телеарна, 2 радио, 12 газет пен 25 интернет-порталды қамтитын БАҚ бойынша өзара іс-қимыл реттелген. Сонымен қатар, «Kazmkpu.kz» ресми интернет-ресурсы жаңарды. Мақсат – сайттың тиімділігін, азаматтарға қажетті ақпараттың қолжетімділік деңгейін арттыру және ресурсты заман талабына сай дамыту.

«Qyzdar Ýniversiteti» газеті мен «Қыз-ғұмыр» журналы жаңа форматта жарық көрді

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Qyzdar Ýnıversıteti» газеті биылғы жылдың қаңтар айынан бастап форматтық, дизайндық және мазмұндық өзгерістермен жарық көрді. Басты ұстаным – оқу орнының арнайы брендін қалыптастыру, жаңалықтарды беру барысында жылдамдық пен шынайылық таныту. Сонымен қатар, бұған дейін «Алашшыл жас» атауымен жарық көріп келген журнал наурыз айынан бастап «Қыз-ғұмыр» атауымен шықты. Журналдың мазмұны да түбегейлі өзгерді.

«Дара» арт-галереясы – өнер ордасы

Қыздар Университетінде «Дара» арт-галереясы ашылды. Шара Қазақстан жас ғалым-педагогтарының I республикалық Слетінің қарсаңында пайдалануға берілді. Арт-галереяның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, отандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен жас ғалымдар қатысты. Мақсат – оқу орнының кәсіби қылқалам шеберлерінің еңбектерін кеңінен дәріптеу.

Қазақстан жас ғалым-педагогтарының қауымдастығы құрылды

Қазақстан жас ғалым-педагогтары бірінші республикалық Слеті қарсаңында отандық жас ғалымдардың Қауымдастығы құрылды. Ұйымды құру Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауын іске асыру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Қауымдастықтың құрылтайшысы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Қауымдастықты құрудағы басты мақсат – мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыда ойлай алатын жас педагог-ғалымдарды біріктіру, олардың диалог алаңын құру.

Диссертациялық кеңес ашылды

Қыздар Университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Филология» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңес құрылды. Кеңес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының «Жоғары оқу орындарында философия (PhD) докторы, бейіні бойынша докторы ғылыми дәреже беру бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ашу туралы» бұйрығына сәйкес құрылып отыр. Ғылыми органның құрамы 13 адамнан тұрады. Олардың қатарында белгілі ғалымдар мен тіл мамандары бар.

«Дара» коррекциялық орталығы ашылады

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Дара» коррекциялық орталығы ашылады. Педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті «Дара» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жоғары оқу орнының базасынан алғаш рет пайдалануға берілмек. Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі балалардың адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, олардың өмірге деген құштарлық сезімдерін ояту, ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін жетілдіріп, толыққанды азамат дәрежесіне жеткізу мақсатында жұмыс жасамақ.

Қыздар Университеті Қазақстанның үздік 20 ЖОО қатарына енді

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Қазақстанның 2018 жылғы үздік 20 жоғары оқу орындарының рейтингісінде 7-орынға ие болды. АРТА ұлттық рейтингісіне қатысуға еліміздің 75 жоғары оқу орыны өтініш берді, алайда 17 білім беру ұйымы өтінішті дұрыс толтырмағаны үшін рейтингтен шеттетілді. Қазақстан Республикасының 2018 жылғы жалпы рейтингісіне 58 жоғары оқу орны, оның 6 ұлттық, 21 мемлекеттік, 7 акционерлік және 24 жеке меншік білім беру ұйымдары кірді.

Біздің студенттер – жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар

2017-2018 оқу жылында Қыздар Университетінің студенттері 20-ға жуық халықаралық, республикалық және аймақтық білім олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болып, оқу орнының мерейін тасытты. Сонымен қатар, білімгерлер елімізде өткен түрлі ғылыми жобалар байқауы мен зияткерлік ойындарда жеңіс тұғырына көтерілді. Университет даңқы тек қана білім сайыстарында ғана емес спорттық додаларда да жиі шығып жүр. Атап айтқанда, университет спортшылары Қазақстан Республикасының IX Жазғы Универсиадасына спорттың 23 түрінен қатысып, 54 жоғары оқу орнының ішінде жалпыкомандалық есепте 7-орынға табан тіреді. Аталған байрақты бәсекеде университет қоржынына жалпы саны 69 медаль түсті. Оның 17-сі алтын, 14-ы күміс, 37-і қола.

Жандар АСАН,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: