Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Құранда айтылған шипалы жемістер

Ауруға шалдыққан жағдайда қасиетті Құрани Кәрімге жүгіну біз үшін міндет.

Сурет : today.kz5 Маусым 2018, 10:12

Алла тағала өзінің құлдарына тарту еткен нығыметтері сансыз. Төбеміздегі күннің жылу шашуы, түнгі аспандағы айдың жарығы да Алла тағаланың құлдарына берген сансыз нығыметтерінің қатарына жатады. Қарап отырсық барлығы да адам баласының игілігі үшін жаратылған. Ал қасиетті Құрани Кәрімде жазылған адамның денсаулығына пайдалы жеміс жидектерді сіз білесіз бе?

1. Зәйтүн

«Ол, Алла көктен су түсіреді. Кейін сол сумен әр алуан өсімдікті (топыраққа көмілген тұқымын жарып) шығарамыз. Сол өсімдіктен алдымен жас өркен өсіріп шығарамыз, содан кейін егінге бас алдырып, жанына қарай һәм бірінің үстіне бірі қатарласқан дәндерден масақ шығарамыз. Құрма ағашының бүршігінен салбырап өскен шоқ-шоқ құрмалар, сондай-ақ бір жағынан, бір-біріне ұқсайтын, екінші жағынан, мүлдем ұқсамайтын (бір топырақтан һәм бірдей минералдармен қоректенгеніне қарамастан, түрі, түсі, иісі және дәмі жағынан әр алуан) жүзім, зәйтүн, анар бау-бақшаларын өсіреміз. Бұлардың әрқайсысының жемісіне жаңа өніп-өскенде (яғни шикі кезінде) һәм толықсып піскенде зер салып қарашы. Әрине, мұның бәрінде иман ететін қауым үшін айқын дәлелдер, айдан анық белгілер бар» («Әнғам» сүресі, 99-аят).

Зәйтүн жүректің қызметін реттеп, қан айналымын қадағалауға көмектеседі. Сондай-ақ, артық салмақпен күресуге таптырмас ем. Терінің саулығы мен әдемілігін де арттыруға болады.

2. Банан

«Олар жеміс салмағынан бұтағы иілген тікенсіз шие ағаштарының және шоқ-шоқ болып ұйыса біткен банан ағаштарының созылып жатқан кең саясында һәм сарқырап аққан сулардың жағасында (болады)» («Уақиға» сүресі, 28-33-аят).

Бананның денсаулыққа тигізер пайдасы өте орасан: бүйрек қызметін жеңілдетеді. Түрлі ішек ауруларына шипа. Ракпен күресте, метаболизмде таптырмас ем.

3. Анар

«Екеуінде де алуан түрлі жемістер, соның ішінде құрма мен анардың түр түрі бар» («Уақиға» сүресі, 68-аят).

Анардың дәні де, қабығы да, шырыны да дертке дауа. Ағзаның ауруларға қарсы күресуіне жол ашады. Қант диабетін болдырмайды, холестеринді реттейді. Рак клеткаларының дамуына жол бермейді. Жүрекке де ем.

4. Інжір (инжир)

«Інжірге және зәйтүнге серт!» («Тин» сүресі, 1-аят).

Інжір – талшықты өсіміктердің қатарына жатады. Бұл әсіресе, жүрекке, сүйектердің мықтылығына, асқорыту жүйесіне көмектеседі. Қанды, ішектерді тазартады.

5. Құрма

«Сондай-ақ, жерден жайқалған құрма мен жүзім бау-бақшаларын өсіріп, қайнар бұлақтар шығарамыз. Сол өсімдіктердің жемістерін (құлдарымыз) өздеріне өмірлік азық қылсын дедік, олар мұның бәрін өз қолдарымен жасаған жоқ. Олар сонда да шүкіршілік етпей ме?» («Иә-Сиин» сүресі, 34,35-аяттар).

Ағзаны тазартып, рак, жүрек ауруларының алдын алады. Есте сақтау қабілетін жақсартады. Жоғарғы қан қысымының жұмысын қадағалайды. Сүйектерді қатайтып, холестеринді де реттейді. Баланың өсуі мен дамуына, ой- өрісінің жетілуіне ықпал жасайды.

6. Жүзім

«Алла сол сумен сендер үшін егіндерді, зәйтүн, құрма һәм жүзім бақтарын және әр алуан жемістерді өсіреді. Шүбәсіз, осының бәрінде ойланатын қауым үшін өте маңызды бір белгі, бір ғибрат бар» («Нахыл» сүресі, 11-аят).

Жүзімді көбіне бас ауруларына пайдаланады. Көздің көру қабілетін жақсартып, астма ауруларына да шипа етеді. Сондай-ақ, ағзадағы зиянды микробтардың көзін жойып, теріні жасартады. Шаштың жиі түсуіне қарсы қолдануға да болады.

Сонымен қатар, қасиетті Құран аяттарында балда шипа бар екендігі айтылған. «Раббың бал арасына былай деп уаһи етті: «Таулардан, ағаштардан және адам­дар салған күркелерден өзіңе ұя жаса. Сосын әр түрлі жемістермен қоректеніп, Раббыңның саған жайылуға жеңілдеткен жолымен жүр!». Араның қарнынан түрлі-түсті бал шығар-дық, онда адамдарға шипа бар. Әлбетте, мұнда ойланған қауым үшін ғибрат жатыр» («Нахл» сүресі, 68-69 аяттар).

Исламда адам және оның денсаулығы маңызды рөл атқарады. Денсаулықты сақтау тек күтініп, дәрі-дәрмек пайдалануда емес. Оны түрлі арам етілген нәрселерден қорғау керек. Ал ауруға шалдыққан жағдайда қасиетті Құрани Кәрімге жүгіну біз үшін міндет.

Дереккөз: ihsan.kz


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер