Жаңалықтар тізбегі
0

Менингококк инфекциясы: Баян Мақсатқызы карантин жарияламаған Біртановқа ренішін жеткізді

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 16:35 Stan.kz
Танымал продюсер өзінің және балаларының өмірі үшін қатты алаңдап жүргенін жасырмады.

Баян Алагөзова елімізде менингококк инфекциясының өршіп тұрғанына қатысты пікір білдірді. Ол эпидемия кезінде халыққа қымбат бағада екпе ұсынып отырғандарды сынға алды. Сондай-ақ, карантин жарияламаған министр Біртановқа деген ренішін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Министр Біртанов жалпылама екпе салынбайды деді. Елдегі ауруға шалдыққандар саны соншалықты көп емес екенін айтты. Алайда бұл аралықта 12 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды тыныштандыру үшін тағы қанша адам өмірімен қош айтысуы керек? Қайда бару керек екенін, қалай қорғану керек, не істеу керектігін білу үшін қанша адам қыршынынан қиылу керек?” – деп ашынды Баян Мақсатқызы.

Танымал продюсер өзінің және балаларының өмірі үшін қатты алаңдап жүргенін жасырмады.

“Мен балаларымның жағдайын білу үшін оларға күніне бірнеше реттен хабарласудамын. Үйден шықпаңдар деп бұйырып айтып жатырмын. Өзім қатты қорқып қалдым, кеше қолымда бөртпе пайда болды, қобалжып, аллергияға қарсы дәрі іштім, әйтеуір кетті. 12 адам өлді, ал жауапты мекемелердің барлығы жайбарақат отыр. Ал медицина қызметкерлері науқастарды бір-біріне жөнелтіп, уақыт жоғалтуда. Ақырында дәрігерге кеш жүгінгені үшін ауруға шалдыққандардың өздері кінәлі болып қалып жатыр. Бұған кім жауапты? Қалай сабырлық танытуға болады? Екпе неге қымбат тұрады? Ал 12 адамның өлімі арзан ба сонда? Әлде халықтың өміріне расында да қауіп төніп тұрғанын түсіну үшін тағы күтуіміз керек пе?” – деп түйіндеді сөзін ол.

Бұл аралықта продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек желідегі оқырмандарына менингиттен қорғану жолдарын ұсынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 16:35

“Мынаны өздеріңізге сақтап алып, кішкентай белгі болған кездің өзінде дәрігерге барыңыздар. Мен бүгін солай жасадым. Өтінемін, өздеріңізді және жақындарыңызды күтіңіздер. Адам көп жиналатын жерлерге бармаңыздар, өздеріңізді күтіңіздер. Жақындарынан айырылған жандарға шын жүректен көңіл айтамын. Бүкіл ел сіздермен бірге алаңдап отыр. Бұл індет тоқтайды деп үміттенемін”, – деді ол.

Тақырыпқа қатысты жаңалықтарды мына сілтемеден өтіп оқыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: