Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында екі бала менингокок жұқпасына шалдыққан

pavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 18:55 pavlodarnews.kz
Бес айдың ішінде өңірде екі оқиға тіркелген,

Павлодар облысында биылғы жылы қаңтар және мамыр айларында екі бала менингокок жұқпасына шалдыққан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина мәлім етті.

- Бес айдың ішінде өңірде екі оқиға тіркелген, - дейді Ирина Сорокина. – Дегенмен, аталған екі жағдайдың арасында ешқандай да өзара байланысы жоқ. Бір және жеті жастағы екі бала стационарда ем қабылдап, толығымен аурудан айығып шықты. Бүлдіршіндермен байланыста болған 208 адам тексерілген. Еліміздің бірқатар өңірлерінде мамыр айында менингокок жұқпасына қатысты күрделі жағдай туындағаны белгілі. Оның ішінде Алматы облысын атап өтуге болады. Көптеген жағдайда аурудың алдын алу әрбір адамға байланысты. Өкінішке орай, науқастар медициналық көмекке тым кеш жүгінеді. Денсаулығына көңіл бөлместен сабақ оқып, жұмыс істей береді. Нәтижесінде жұқпаның таралуына жол беріп, айналасындағы адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

Өңірдің бас санитарлық дәрігері адамдар көп шоғырланатын орындарға барудан бас тартуға кеңес беріп, жұқпаның таралуының алдын алуға арналған шараларға тоқталып өтті.

- Менингокок ауа арқылы және жабық орындарда жайылады, - деді спикер. – Сондықтан мекемелер мен қоғамдық орындарда жеткілікті деңгейде ылғалды тазалау жұмыстарын жиі өткізу қажет. Көшеде ауруға шалдыққан адамның қасында жай ғана өткен кезде жұқтыру деңгейі төмен болады. Педагогтар лагерьлерде және мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың арасына ауру белгілері бар науқастарды жібермеу керек. Залалсыздандыру құралдарын қолданудың маңызы зор. Рамазан айында мешіттерде намаз уақытының арасында ауаны тазартып отырған жөн.

Ирина Сорокинаның айтуынша, менингокок жұқпасына қарсы егу шаралары жоспарға енгізілмеген. Қазақстанда аталған аурудың А, Б, С типі кездеседі. Ауруға қарсы иммунитет 21 күннің ішінде қалыптасып, ағза бес жылға дейін төтеп бере алады.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде 553914 және 553830 Call нөмірі арқылы толық ақпарат беріледі.

- Кешегі мәліметтерге сүйенсек, елімізде 58 адам менингокок жұқпасына шалдыққан, - дейді департамент басшысы. – Оның ішінде 12 адам қайтыс болған. Бесеуі – бала. Республика бойынша 600 адам вакцина алған. Екпеден бұрын қарапайым сақтану ережелеріне көңіл бөлген дұрыс. Себебі, бұл ауру қызылша сияқты таралмайды. Бүгінде тұрғындардың арасында дүрлігу байқалмайды. Департаментке вакцина және ауруға қатысы 23 сұрақ түскен. Облыстағы жағдай тұрақты деп бағаланады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: