Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл соңына дейін елордадағы барлық жедел жәрдем көліктері сары түске боялады

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 23:46 astana.gov.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес 2018 жылдан бастап барлық жедел жәрдем көліктері бірыңғай стандарттарға сай сары түске боялуы тиіс.

Бүгін Астана қаласы жедел жәрдем станциясында арнайы дыбыстық дабылы бар ақ түстен сары түске боялған 10 жедел жәрдем көлігі таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Тимур Мұратов жедел жәрдем қызметіне қатысты енгізілген жаңа стандарттармен таныстырып, санитарлы көлікті жарық шағылыстыратын күлгін элементтері бар сары түске бояудың себептерін түсіндірді.

"Біздің елдің мамандары халықаралық тәжірибені зерттеді. Сараптама дамыған елдерде қанық сары түске боялған жедел жәрдем көлігінің көптеген көліктер ағымында көзге бірден түседі. Сол себепті де ол оқиға орнына тез арада жетеді. Қазіргі таңда еліміздің барлық қалаларында жедел жәрдем көліктері сары түске боялып жатыр. Жыл соңына дейін жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркіндегі көліктердің барлығы осындай болады", - деді Тимур Мұратов.

Астана қаласы медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері, сондай-ақ, санитарлы көліктердің қай уақытта және қандай жағдайда арнайы дыбысты сигналды қосатыны туралы айтып берді.

"Жедел жәрдем көлігінің арнайы дабылды құрылғысы таңғы 8:00-ден 23: 00-ке дейін қосылатын болады. Оны тек қана науқасты тасымалдаған кезде, науқасқа бара жатқан кезде қосуға болады. Басқа уақытта егер бригада жұмысын бітіріп, базаға қайтып бара жатса, онда барлық сигналдар өшіріліп тұрады. Сағат 23-тен кейін арнайы дабылы емес, оның тек жарық шағысылыстырушы құрылғысы ғана қосылады", - деп мәлімдеді Тимур Мұратов.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес 2018 жылдан бастап барлық жедел жәрдем көліктері бірыңғай стандарттарға сай сары түске боялуы тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: