Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қырғызстанның экс-премьері қамауға алынды

Комитетің хабарлауынша, Бішкектегі Первомайский аудандық соты Искаковты тергеу аяқталғанға дейін тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарған.

Сурет : Baq.kz6 Маусым 2018, 10:22

5 маусымда Қырғызстан бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков қамауға алынды деп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Комитетің хабарлауынша, Бішкектегі Первомайский аудандық соты Искаковты тергеу аяқталғанға дейін тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарған.

Исаковқа Бішкектегі Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында «сыбайлас жемқорлық» айыбы тағылған. Исаков 29 мамырда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінде (ҰҚМК) кезекті рет тергелді. Ол алғаш рет тергеуге 26 сәуірде шақырылған.

Тергеу болжамы бойынша, Сапар Исаков 2013 жылы Қырғызстан президенті аппаратында сыртқы саясат бөлімін басқарып тұрған кезінде, «Бішкек қаласы ЖЭС-ін модернизациялау» жобасын жүзеге асыру барысында қызметін пайдаланып, мердігерді конкурста іріктеп алу кезінде шетелдік компанияның мүддесін қорғаған. Нәтижесінде мемлекетке орасан зор шығын келген.

Айта кетейік, «Бішкек ЖЭС ісі» бойынша Бішкек қаласының экс-мэрі Кубанычбек Кулматов та қамауға алынды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер