Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын бастады

Күн тәртібіне үш сұрақ қойылып отыр.

Сурет : caravan.kz6 Маусым 2018, 11:27

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Президентінің жанындағы шетел инвесторлары кеңесінің 31-ші пленарлық отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күн тәртібіне үш сұрақ қойылып отыр. Ең алдымен, кеңестің 30-шы жалпы отырысындағы хаттамалық міндеттердің атқарылуы туралы есеп тыңдалады. Екіншіден, шетелдік тараптың инвестициялық саясат, энергетика, экология және мұнай-газ саласы, еңбек заңнамасы, адам капиталын дамыту мен шетелдік жұмыс күшін тарту туралы кеңесі айтылады. Сонымен бірге, отырыстың негізгі көтеретін тақырыбы - жеделдетілген жаңғырту болмақ.

Айта кетсек, шетелдік инвесторлар кеңесі құрылғалы бері Мемлекет басшысының төрағалығымен 30 пленарлық отырыс өткізілген. Ол отырыстарда ауқымды түрде өзекті мәселелер, атап айтқанда елдегі шетел инвестициясының құқықтық режімін жақсарту, Қазақстанның сот жүйесін жетілдіру, салық жүйесін оңтайландыру мен шетелден жұмыс күшін тарту, ҚР инвестициялық имиджін жақсарту, болашақ энергиясы секілді маңызды тақырыптар талқыланған.

ҚР Президентінің төрағалығымен өтетін шетелдік инвесторлар кеңесі бірегей алаң болып табылады. Кеңес елдің инвестиция саласына, Қазақстандағы инвестициялық климатты арттыруға қатысты өзекті мәселелерді шешу үшін ҚР Үкіметі мен шетел инвесторларының арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз ету мақсатында 1998 жылы құрылған.

ШИК құрамына 35 ірі трансұлттық шетел компаниялары мен халықаралық ұйымдар енеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер