Біртанов: Соңғы үш күнде Алматыда менингококк инфекциясын жұқтырған адам жоқ

zakon.kz zakon.kz
Денсаулық сақтау министрі менингитпен күресті жеке өзінің бақылауына алды.

Соңғы үш күнде Алматыда менингококк инфекциясын жұқтырған адам жоқ. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Елімізде менингит бойынша 59 жағдай тіркелген, бір күнде бір жағдай тіркеліп отырды. Соңғы үш күннің ішінде Алматыда менингит жұқтырған адам жоқ", - деді министр.

2018 жылдан бастап Қазақстанда менингококк инфекциясынан 13 адам көз жұмды, 6-ы Алматыда.

Денсаулық сақтау министрі менингитпен күресті жеке өзінің бақылауына алды. Министр менингококк инфекциясымен күрес бойынша жүргізіліп жатқан шаралар тиімділігін бағалау үшін Алматыға барды.

Министр Оңтүстік астанада жоспарланбаған тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында әкімшілік қызметте және шұғыл медициналық көмек көрсетуде бірқатар мәселелер анықталды.

Біртанов ауруханалардың басшыларына барлық шұғыл жағдайларда пациенттерді тұрақты түрде қабылдап кеңес беруді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз