Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев: тарихта алғаш рет қазақтар астана үшін орын таңдай алды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 20:26 Sputniknews.kz
Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларға Қазақстанның жетістіктері мен Астананың ел халқы үшін маңызы қандай зор екенін айтты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың өткен он жылдағы жетістіктері туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Елбасы Қазақстанның жетістіктерге жетуінде шетелдік компаниялардың да үлесі барын атап өтті.

"Мен өз халқымның атынан сіздерге шын жүректен алғыс айтамын және зор денсаулық, ал компанияларыңызға табыс тілеймін. Әлі де бірлесіп біраз шаруа тындырамыз деген ойдамын", — деді президент.

Оның айтуынша, бүгінде барлығы "қарқынды және жаһандық өзгерістер мен қиындықтардың" куәсі болып отыр. Әлемдегі терроризм, соғыс, санкциялар мен ұлы державалар арасындағы текетірес – осы қиындықтың барлығын еңсеру керек, бұлар Қазақстанға да әсерін тигізеді, деді Назарбаев.

Сондай-ақ, президент Қазақстанның халықаралық резервтері 90 миллиард доллардан асып жығылғанын, ал Дүнижүзілік банктің Doing Business рейтингінде еліміз соңғы он жылда 64-тен 36-орынға көтерілгенін атап өтті.

"Аз уақыт аралығында біз жаңа астанамызды салдық, тарихта алғаш рет қазақтар елорда үшін орын таңдап, өз астанасын салу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде қазақстандықтар елордамен мақтанады, қонақтар қаланың келбетіне тамсана қарайды. Ол сіздердің көз алдыңызда, ен далада бой көтерді", — деп түйіндеді Назарбаев.

Айта кетсек, биыл шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысы "Жеделдетілген жаңғыру" тақырыбына арналды. Келесі отырыс елордада 2019 жылдың маусым айында өткізілмек, оның тақырыбы адам капиталын дамыту болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: