Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтауда саябақта аттракцион белдігі үзіліп кетті

Абырой болғанда, ол бос болып, адам шығыны тіркелмеді.

Сурет : ҚазАқпарат6 Маусым 2018, 14:57

Ақтаудағы «Ақбота» саябағында қосылып тұрған аттракциондардың бірінің белдігі үзіліп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абырой болғанда, ол бос болып, адам шығыны тіркелмеді.

Оқыс оқиғаны сол жерде жүрген тұрғын ұялы телефонына түсіріп алып, инстаграмм парақшасына жариялаған. Ол жазбасында: «Абайлаңыздар. Ата-аналарды ескерткім келеді. Бүгін сіңлім қызымен бірге «Ақбота» саябағында серуендеп, ойнағысы келген. Әткеншектерді қосып отыратын оператор балаларды отырғызып, белдіктерін тағып, қосып кетіп қалды. Бірақ, бос орынның белдігін тақпаған екен. Әткеншек ойнай бастағанда, бос орындықтың қатты белдігі үзіліп, жерге түсіп қалды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ сол қатты белдік немесе орындық балаға құлағанда не болатын еді? Саябақтың басшылығы қайда қарап отыр? Бір жағдай бола қалса, олар тек айыппұл төлеп құтылады, ал балаңызды қайтара алмайсыз», деп жазды.

Осы оқиғаға қатысты төтенше жағдай департаменті мамандары тарапынан тексеру жүргізілген.

Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Демеуғали Бақовтың айтуынша, аттракционды қосып, кетіп қалған операторды жұмыстан босату туралы ұсыныс тастап, шара қолданған.

«Саябақта жұмыс жасауға тек 3 кәсіпкермен ғана келісімшарт бар. Оларға ескерту жасалып, осындай жағдай қайталанса, рұқсатынан айырылып, келісімшарт тоқтатылатыны туралы xат жолданды», - дейді Демеуғали Бақов.

Осы жағдайдан кейін саябақтағы жұмысшы операторлар оқу дайындығынан өтпек. Енді оларға арнайы киімдер беріледі.

Қазір «Ақбота» саябағында 14-тен астам аттракцион бар. Техника Ресейден әкелінген. Болашақта тағы да әткеншектер алынбақ.

Айта кетейік, «Ақбота» саябағы мемлекет меншігінде. Осыдан 3-4 жыл бұрын қаңырап бос жатқан жер болса, былтырдан бастап абаттандырылып, кәсіпкерлер шақырылған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер