Жаңалықтар тізбегі
0

Ғаламның ғажайып 10 ғимараты

massaget.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 21:53 massaget.kz
Ғаламның ғажайып ғимараттарымен таныс болыңыздар.

ХХІ ғасырдағы архитектураның дамығаны соншалық – адам баласының аспанға қол созуына мүмкіндік туып отыр.

Сіздерге ұсынылып отырған осынау тылсым ғимараттар – жарқын болашақтың айқын кепілі. Ендеше, ғаламның ғажайып ғимараттарымен таныс болыңыздар:

1. Патша мұнарасы

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 21:53

Патша мұнарасы болашақта әлемдегі ең биік ғимараттар көшін бастамақ. Араб еліннің төрінен орын алған бұл ғимарат 2019 жылы қолданысқа беріледі деп болжам жасалуда. 1.2 млрд АҚШ долларына салынып жатқан ғимараттың ішінде: кондоминимдер, керемет кеңселер, обсерватория, «Four Seasons» қонақ үйі және 157 қабатында әлемдегі ең биік терраса орналаспақ.

2. Шанхай мұнарасы

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 21:53

Қытайдағы 121 қабатты Шанхай мұнарасының құрылысы 1993 жылы басталған болатын. Араға 21 жыл салып, құрылыс жұмыстары аяқталды. 4.2 млрд АҚШ доллары жұмсалған алып ғимаратта әлі де әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлемдегі биіктігі жағынан екінші орында тұрған бұл ғимараттың салтанатты ашылу рәсімі 2015 жылы өтеді деп жоспарлануда. Десе де, ғажайып ғимаратқа қызығушылық танытқан миллиондаған адам таңғажайып өнер туындыларының көрермені болып үлгерді. Көкпен таласқан «көк шатыр» табиғат апаттарына төзімді әйнекпен қапталған.

3. Дубай Перл

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 21:53

Дубайда әлемнің бөлшегі формасында жасанды аралдар жасалған болатын. Қарапайым тұрғын үйге ұқсас биік сауда орталығын салуға әзірге жұмбақ болып отырған атақты адам шешім қабылдаған. Парсы шығанағының көрінісімен 73 қабатты Дубай Перл құрылысы 2009 жылы басталған және 2016 жылы аяқталуы тиіс. "Ішкі қалада" көктегі көпір арқылы жалғасқан 4 мұнара және халықаралық Дубай кинофестивалі өтетін 1800 орынды премиум-театр салу жоспарланған.

4. Agora Garden

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 21:53

Шиыршықталған қос қанатты Агора бақшасы 2016 жылы табиғат пен адам арасындағы үйлесімділіктің үздік үлгісі болады деп күтілуде. 20 қабатты ирек пішіндес ғимарат тұтастай жасыл желек жамылған. Керек десеңіз, әр қабатта балкон-бақшалар бар. Онымен қоймай, бұл ғимарат, қуат көзін күннен алып, жауын суын өңдей алады.

5. World One

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 21:53

Көкпен таласқан 117 қабатты World One ғимаратының әрлеу жұмыстары аяқталса, әлемдегі ең биік тұрғын үй және Мумбайдағы ең биік ғимарат болары сөзсіз. Сондай-ақ, ол Мумбайдағы байлардың баспанасына айналмақ. Сонымен қоса, Джорджио Арманидің дизайнімен жасалған ғимаратта, қызмет бабында пайдаланылатын, 3-4 бөлмелі (әр қайсы 1.5 млн АҚШ доллары тұрады ) 300-ге тарта үлкен үй-жай қосымша салынған. 126 қабатты Үнді мұнарасының салынып жатқанын ескерсек, бұл ғимараттың "Мумбайдағы ең биік ғимарат" атағын ұзақ уақыт ұстап тұра алмайды-ау.

6. Абдолла патшаның мұнай зерттеу және оқыту орталығы (KARSARC)

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 21:53

Бұл – осы тізімдегілермен салыстырғанда жерге ең жақын орналасқан ғимарат. Бірақ Сауд Арабияның Эр-Риядтағы ғажап KARSARC көпұлтты бейкоммерциялық орталықтан гөрі Джеймс Бонд оқиғасындағы зұлымның ініне көбірек ұқсайды. Алты бұрышты шақпақ өрімді, кристалл тәрізді өзгеше дизайн – ирак архитекторы Захи Хадидтің төл туындысы. Құрылыс 2009 жылы басталып, қазіргі уақытта тек алмасты жақтауы ғана аяқталған. Әзірге, ғимараттың ашылу мерзімі белгісіз.

7. Сучжоудағы Чжуннань орталығы

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 21:53

Жақында ғана Қытайдың Сучжоу қаласында биіктігі 730 метр, 138 қабатты алпауыт орталықтың құрылысы басталды. Бұл орталықтың құрылысы оңайға соқпасы бесенеден белгілі. Алайда, 4.5 млрд АҚШ долларына бағаланған жоба белгіленген мезгілінде (2020 жылы) қолданысқа берілсе, Қытайдағы ең биік ғимарат, ал әлемде болса ең биік ғимараттардың үштігіне енеді.

8. Lotte World Tower

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 21:53

Жоғарыдағы алып ғимараттардың көшін ары қарай Оңтүстік Корея жалғастырады. Сеулде 556 метрлік, 123 қабатты Lotte World Tower салынып жатыр. 2016 жылы қолданысқа берілгелі тұрған ғимараттың ішінде: түрлі дүкендер, кеңселер, апартаменттер, қонақ үйлер, т.б. қызмет көрсету орталықтары салынуда. Сонымен қатар, пирамидалығымен ерекшеленген Солтүстік Кореяның «Ryugyong» қонақ үйін «тақтан түсіріп», Кореяның жарты шарына төбеден қарамақ.

9. Даванг таулы шипажайы

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 21:53

Қарапайым қонақ үйлерден шаршадыңыз ба? Олай болса, 2016 жылы қос жартаспен «құшақтаса орналасқан» Қытайдың Даванг таулы шипажайы сіздерді асыға күтеді. 170 метр аумақты алып жатқан алып шипажайда мұз айдыны, жабық шаңғы кешені, аквапаркпен қатар аспалы бақша орын алған.

10. «Songjiang» қонақ үйі

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 21:53

Жартас пен көлдің арасында салынған «Songjiang» қонақ үйі Қытайдың жоғары санатты демалыс орындарының бірі болады деп күтілуде. Шанхайға жақын жерден қоныс тепкен бұл қонақ үй Даванг таулы шипажайы секілді жартаста орналасқан. Үстінен сылдырай ағып жатқан сарқырама әсем ғимараттың сұлулығын арттыра түседі. Бір қарағанда, бұл әсемдік жоғарыдан анық көрінбеуі мүмкін. Алайда, жақыннан көз тастасаңыз, су астындағы тылсым бір көрініске қанық боласыз.

Дереккөз: massaget.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: