Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті «Союз» ғарыш кемесі ұшырылды

Азаттық радиосы Азаттық радиосы
Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті ұзақ мерзімді экспедиция үшін жаңа экипажын (МКС-56/57) жеткізу тиіс.

2018 жылдың 6 маусымында Астана уақыты бойынша сағат 17:12-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-09» транспорттық басқарылатын кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшырым «Байқоңыр» ғарыш айлағының «Гагарин стартынан» (№ 1 алаңы) жүзеге асырылды және штаттық режимде өтті.

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті ұзақ мерзімді экспедиция үшін жаңа экипажын (МКС-56/57) жеткізу тиіс.

Экипаждың негізгі құрамына Роскосмостың ғарышкері Сергей Прокопьев (ТБК командирі - РФ), «ЕКА» астронавты Александр Герст (бортинженер - ГФР) және «NASA» астронавты Серина Ауньен-Чэнселлор (бортинженер - АҚШ) кірді.

«Союз МС-09» ТБК-нің ұшырымы ХҒС-тың ұшу бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Ұшудың жоспарланып отырған ұзақтығы 187 тәулікті құрайды.

Экспедицияның мақсаттарына жүк кемелермен жұмыс істеу, кемеден тыс қызметі бойынша жұмыс атқару (ашық ғарышқа шығу), ХҒС-тың борт жүйелеріне қызмет көрсету, фото-жәнебейне түсірілімдерді жүргізу, сондай-ақ ғылыми-қолданбалы зерттеулерді (барлығы 55 ғылыми тәжірибе) орындау кіреді.

Қазақстандық және ресейлік мамандар зымыран тасығыштарды ұшыру кезіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде. Ұшырудан кейін зымыран тасығыш сатының құлау ауданын аралау үшін қажетты авиация тартылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз