Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Атырауда екі аяғынан айырылған азамат 8 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін жазаға тартылды

Оқиға 2010 жылдың қаңтар айында болған.

Сурет : ҚазАқпарат7 Маусым 2018, 09:16

Атырауда екі аяғынан айырылған азамат 8 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2010 жылдың қаңтар айында болған. Тараз қаласының тұрғыны Асылбек Кужаназаров өзі бұрыннан жақсы көретін танысы Аиданы (аты өзгертілген) Атырау қаласына іздеп келеді. Екеуі кездесіп, бірнеше күннен кейін А.Кужаназаров танысына өзімен бірге Алматы қаласына барып тұруды ұсынады. Алайда жұбайы мен үш қызы бар Аида оның бұл ұсынысынан бас тартады.

Сөйтіп А.Кужаназаров кері Таразға кетуді шешеді. Аида А.Кужаназаровты шығарып салу ниетімен теміржол вокзалына келіп, ол өтініш еткесін арақ алып береді. Кейін пойыз келгенше сол маңдағы Контейнер көшесі бойында сөйлесіп отырып, араққа масайған А.Кужаназаров танысына ренішін білдіре бастайды. Бір сәтте ашуға булығып, өзінің жол сөмкесінде жатқан асхана пышағын алып, Аиданың денесіне 19 рет сұғып, ажал құштырады. Оның ес-түссіз күйін көргеннен кейін, дереу пойызға мініп кетіп қалады.

Таразға жеткесін арақ алып, ауылына қарай жаяу жол тартады. Жол - жөнекей өз - өзіне қол жұмсамақ оймен қолының тамырын кеседі. Алайда қыс ортасында далада ұйықтап қалып, екі аяғын үсіріп алады. Кейін аяқтары ампутацияға ұшырайды.

Мүгедек болып қалған А.Кужаназаров сегіз жылдан кейін өз еркімен келіп, жасаған қылмысын мойындайды.

«Аталған қылмыстық істі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Зарема Хамидуллина қарады. Сот жаза тағайындау кезінде оның шын өкініп келгенін және екі аяғы жоқ мүгедек екенін ескеріп, оны Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігімен 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. А.Кужаназаровтың ендігі 8 жыл уақыты қатаң режімдегі түзеу колониясында өтетін болады. Сот үкімі заңды күшіне енді», деп хабарлады Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер