Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Менингитпен ауыру деңгейі төмендеді – бас дәрігер

Қазіргі таңда менингококк инфекциясының тарау деңгейі төмендеді.

Сурет : Baq.kz7 Маусым 2018, 11:52

Менингококк инфекциясына қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенбеңіздер. Бүгінде менингитпен ауыру деңгейі төмендеді, жағдай тұрақталды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Әлеуметтік желіде менингококк инфекциясына қатысты тараған ақпарат дұрыс емес. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпаратына сенулеріңізді сұраймыз», - деді ол.
Осы орайда Жандарбек Бекшин қазіргі таңда менингит ауруының тарау деңгейі төмендегенін атап өтті.

«Қазіргі таңда менингококк инфекциясының тарау деңгейі төмендеді. Егер осыған дейін республика бойынша аурудың тарау деңгейі жоғары болса, бүгінде бұл жағдай қазір тұрақталды. Мысалы, бір аптаның ішінде менингококк инфекциясын жұқтырған 15 жағдай тіркелді. Ал Алматы қаласында 13 дерек есепке алынды. Қазіргі таңда аурудың тарау деңгейі төмендеді. Бұл жағдай бізді қуантады», - деді ол.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер Алматыда менингитті жұқтырудың жаңа деректері тіркелмегенін мәлім етті.

«Алматыда 4 тәулік бойы менингококк инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Қазіргі таңда республика бойынша менингитті жұқтырған 24 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде Алматыда 12 пациент дәрігерлердің бақылауында. 14 пациент ауруханада емделіп шықты. Бұл – сенімді деректер. Бұл ақпарат ауру деңгейінің төмендегенін көрсетеді», - деп түйіндеді сөзін Жандарбек Бекшин.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер