Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақ-қытай дәрігерлері жүрек аурулары бойынша ынтымақ орнатты

Қазір көрші елден шақырылған 5 маман қызмет атқарып, отандастарымызды емдеуге сүбелі үлес қосып отыр.

Сурет : Хабар 247 Маусым 2018, 15:18

Қазақстан мен Қытай елдерінің дәрігерлері жыл сайын өзара әріптестікті дамытып келеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Әсіресе ақ халаттылар жүрек ауруларын емдеу саласында тығыз ынтымақтастық орнатты. Мәселен, Ұлттық ғылыми медициналық орталық Қытайдағы медициналық мекемелермен 15 жыл бұрын жұмыс жүргізе бастады. Қазір мұнда көрші елден шақырылған 5 маман қызмет атқарып, отандастарымызды емдеуге сүбелі үлес қосып отыр.

Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың мамандары Қытай мамандарымен күнделікті байланыста. Себебі қазір мекеме әріптестерімен бірге аритмия, генетикалық зерттеулер, мен томотерапия саласында бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Жақында орталықтың жанында қатерлі ісікті радиология арқылы емдейтін зертханасы ашылады. Оған жаңа 2 қондырғы сатып алынды. Қытайлықтар қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқастарды Қазақстанға жіберуге өтініш білдіріп отыр. Яғни, екі ел арасындағы медициналық туризмді дамытуға негіз бар.

- Дамымаған салаларда интервенциалық кардиология Қазақстан азаматтарына көмек беріп жатыр. Азаматтықты алып бауырлас болып кетті. Пекиндегі, Шанхайдағы, Қарамай қаласындағы ғалымдармен тікелей хабарласып тұрамыз. Көп салалы зерттеулерге айналды. Аритмология қытай денса министрлігі зерттеулер 2-3 жыл өткізеді. Кеуде ауруы сол жағынан эпидемиологиялық зерттеу жүргіземіз, - дейді «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжин.

10 жыл бұрын Қытайдан Қазақстанға келген мамандардың бірі - кардиолог Беғылан Стамбол. Ол елімізде интервенциялық, яғни кеудені кесуді талап етпейтін кардиология саласын дамытып жатыр. Бүгінде профессор бітеліп қалған қан тамырларына операция жасау бағытын игеріп жатыр.

- Біз Қытайдан келген маман болғандықтан, олардың арасында көпір болып қалыптастық. Соның арқасында Қазақстанға жаңа бағдарламаларын кіргізіп жатыр. Чеспэйн. Үлкен зерттеулер жүргізіп жатыр. Соның арқасында жүрек қан тамырлары ауруы төмендеді. Өлім-жітім азайып келе жатыр, - дейді интервенциялық кардиология бөлімінің профессоры Беғылан Стамбол.

Жақында профессор Қытайда өтетін көнференцияға аттанып, ауыр халдегі науқастарды емдеу тәсілдерін меңгереді. Сондай-ақ, отандық жас дәрігерлерді көрші мемлекетте оқыту бойныша келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер