Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысы Қытай Премьері Ли Кэцянмен кездесу өткізді

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы саяси және экономикалық әріптестіктің жаңа деңгейге көтерілгеніне тоқталып, оның өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болуға тиіс екенін айтты.

Сурет : akorda.kz8 Маусым 2018, 09:22

Нұрсұлтан Назарбаев Ли Кэцянді Қытай Мемлекеттік кеңесінің Премьері лауазымына тағайындалуымен және Қытай Халық Республикасы Компартиясының ХІХ съезінің табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы саяси және экономикалық әріптестіктің жаңа деңгейге көтерілгеніне тоқталып, оның өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болуға тиіс екенін айтты.

– Мен Сіздің 2014 жылғы желтоқсан айында Қазақстанға келген сапарыңызды ойыма алып отырмын. Сол кезде Сіз елдеріміз арасындағы бірлескен индустриалды-инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін өте қызықты әрі батыл идеялар ұсындыңыз. Осы бастаманың арқасында Сізбен бірге жалпы көлемі 28 миллиард долларды құрайтын 51 жобаға қол қойдық. Солардың 11-і жүзеге асырылып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында тараптар энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер