Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрсұлтан Назарбаев «Композитор» кинофильмінің актерлерімен кездесті

akorda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:29 akorda.kz
Фильм Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда болған қытай композиторы Си Синхай мен қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың достығына арналған.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан мен Қытайдың бірлесіп түсірген «Композитор» атты бірінші кинофильмінің шығармашылық тобымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Фильм Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда болған қытай композиторы Си Синхай мен қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың достығына арналған.

Қазақстан Президенті фильм трейлерінің таныстырылым рәсімінде актерлер құрамына кәсіби өнер көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, екі елдің мәдени саладағы ынтымақтастығының жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Көркем фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Қытайдың «Shinework Pictures» және «China Film Coproduction Corporation» компаниялары түсірген. Басты рөлдерде қазақстандық актерлер – Берік Айтжанов, Алтынай Нөгербек, Аружан Жазылбекова, қытайлық актерлер – Ху Цзюнь және Юань Цюань ойнайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: