Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Елбасы қытайлық кәсіпкерлерді Қазақстанда бизнесін дамытуға шақырды

Нәтижесінде бірнеше құжатқа қол қойылды.

Сурет : ҚазАқпарат8 Маусым 2018, 16:21

Қытайға мемлекеттік сапары аясында осы елдің бизнес капитандарымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бизнесті дамытудағы тиімді шарттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Қазақстан тиімді бизнес жүргізу үшін жаңа мүмкіншілктер мен үлкен әлеует болып отыр. Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіліп, кәсіпкерлік саласындағы заңнамалар ырықтандырылуда. Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстан бүгінде 36 орында тұр. Біз ЭЫДҰ Инвестиция жөніндегі комитетінің ассоциаланған мүшесі болып саналамыз және Халықаралық инвестициялар жөніндегі декларацияға қосылдық», - деп атап өтті Елбасы.

Мемлекет басшысы шетелдік инвесторлар мен бизнесмендермен өзара тиімді іс-қимылды жолға қою мақсатында арнайы KazakhInvest және KazakhExport компанияларының құрылғанын атап өтті.

«Металлургия, мұнай химиясы, машина жасау, азық-түлік өндірісі сынды басымдыққа ие салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында корпоративтік, жер және мүлік салықтарынан босату қарастырылған. Мұндай салаларға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасыз жүзеге асырылып, жер қойнауын пайдалануға лицензия алу және келісімшарттар жасасу шарттары жеңілдетіледі. Өйткені, бұл нысандар Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму ұлттық бағдарламасының құрамына кіреді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы елімізде 11 арнайы экономикалық аймақ, 24 индустриалды аймақ жұмыс істеп тұрғанын айтты.

«Біз қытайлық компанияларды осындай тиімді шарттармен бизнесін дамытуға шақырамыз», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен келіп, кеше ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.

Нәтижесінде бірнеше құжатқа қол қойылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен жүздесті.

Ал 10 маусым күні ҚР Президенті Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысады деп күтілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер