Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Семейде су тасқынынан зардап шеккендерге 371 млн теңге бөлінді

Қала әкімі Ермак Сәлімов су басқан аудандардың тұрғындарымен кездесті.

Сурет : ҚазАқпарат11 Маусым 2018, 12:05

Семейде су тасқынынан зардап шеккен үйлерді жөндеуге 371 млн теңге, ал жаңа баспаналар сатып алу үшін 58 млн теңге бөлінді. Бірақ үй иелері әкімдік ұсынған шарттарға келіспей отыр. Себебі, ақшаны өздері алып, жөндеу жүргізсек дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімі Ермак Сәлімов су басқан аудандардың тұрғындарымен кездесті. Алдымен Мирный кентіне барып, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан 2 үйдің құрылысымен танысты. Жөндеу жұмыстарымен «ВостокСтройГрупп» ЖШС айналысуда. Тұруға жарамсыз болған баспананың біріне 2 млн 237 мың теңге бөлінсе, екінші үй 700 мың теңгеге бағаланған. Мердігер мекеменің жұмысын комиссиямен бірге үй иелері де бақылауда. Әзірге атқарылып жатқан жұмыстар көңілдерінен шығатынын жеткізді.

Су тасқынынан зардап шеккен үйлерді жөндеу үшін республикалық бюджеттен 371 млн теңге, ал жаңа баспаналар сатып алу үшін 58 млн теңге бөлінді. Бірақ қаражат үй иелеріне емес, жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігер мекеме беріледі. Ал бұған тұрғындардың кейбірі келіспей отыр. Себебін жауапты мекеме жұмысты сапасыз жасайтынымен түсіндірді. Сондықтан қала әкімі жөндеу жұмыстарын жүргізетін мекемені тұрғындар өздері ұсына алатынын жеткізді.

«Тұрғындар ақшаны өз қолдарына алғысы келеді. Бірақ бұл заң бойынша мүмкін емес. Біз о баста ескерткенбіз. Тағы қайталаймын тезірек жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігерді тауып, келісімшарт жасасып, жөндеуді бастаңыздар. Кейбір үй иелерінің келісімшарттары дұрыс емес. Тағы бірінде техникалық құжаты жоқ. Барлығын ретке келтіру керек. Мирный кентінде су басқан 50 үйдің тек екеуінде ғана жөндеу жүріп жатыр. Тағы 6 үйдің иесі мердігер тапты. Ал қалған тұрғындар қалай тиімді, не істеу керек деп ойланып жүр», - деді қала басшысы.

Айта кетейік, су тасқынан қалада 204 баспана бүлінді. Оның 110-ы Бобровка саяжайында. Қала әкімінің сөзінше саяжайдағы үйлерді қалыпқа келтіру жұмыстары да аяқталуға жақын.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер