Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

"Кедентранссервис" АҚ вице-президенті қамауға алынды

Вице-президент пен оның әріптесі 2 айға қамалды.

Сурет : коллаж11 Маусым 2018, 16:01

Астанада өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент Ғалым Мұқанов қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылдың 8 маусымындағы №2 Есіл аудандық сотының шешімі бойынша Ғалым Мұқанов пен Дулат Уваевты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ресми мәліметтер бойынша Мұқанов Ғалым Қасқырбайұлы «Кедентранссервис» АҚ өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті. Осы күнге дейін түрлі қызмет атқарған: Сатып алуларды ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамту басқармасының бастығы, Сатып алуларды ұйымдастыру және шарттар мониторингісі басқармасының бастығы, "Кедентранссервис" АҚ сатып алулар жөніндегі атқарушы директор міндетін атқарушы, "Кедентранссервис" АҚ Сатып алулар жөніндегі Атқарушы директор қызметінде болды.

Дулат Уваев Сатып алуды ұйымдастыру және шарттық жұмыстар бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

Бұған дейін Астана қаласының Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы бөлімінің бастығы Шыңғыс Қабдулла квазимемлекеттік секторда ұсталғандар туралы хабарлаған болатын. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 32 адам жауапкершілікке тартылуда, оның ішінде 15-і мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ, республикалық маңызы бар 5 басшы. Бес айдың ішінде елордалық Департамент 4 млрд. көлемінде келтірілген зиянды анықтады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер