Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде 10 пәтерді тонаған қылмыстық топ ұсталды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2018 23:07 Хабар 24
Осы екі жылдың ішінде жапа шеккен пәтер иелері 8 млн теңгеге шығындалған.

Өскемен қаласының ішкі істер басқармасына қарасты криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер тонауман айналысқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды Хабар 24.

Күдіктілердің бірі Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды. Екеуі де бұған дейін осыған ұқсас қылмыс үшін сотталған. Әзірге олардың Өскемен қаласындағы 10 ұрлыққа қатысы бар екенін белгілі. Әккі топ пәтер тонаумен екі жыл бойы айналысып келген.

«Олар әрбір қылмысқа тиянақты дайындалып отырған. Әуелі таңдау түскен пәтердің тұрғындарының уақыт режімін зерттеген. Одан кейін ішке енудің жоспарын пысықтаған. Құлып бұзғыш құрал арқылы ішке еніп, ақша мен бағалы заттарды үптеп отырған. Тонаушылардың бірі үйге кіргенде, екіншісі сыртта қалып, телефон арқылы сырттағы өзгерістерді баяндап тұрған», – дейді облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Әйгерім Нұрғазина.

Осы екі жылдың ішінде жапа шеккен пәтер иелері 8 млн теңгеге шығындалған. Айта кетерлігі, күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: