Қапшағайдағы казинодан 400-ден аса жұмысшы ақшаларын ала алмай жүр

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Шарасыз күйде қалған тұрғындар Қапшағай қалалық әкімдігіне барып, жергілікті биліктен көмек сұрады.

Қапшағайдағы «Алтын Алма» казиносының жұмысшылары үш айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Айтуларынша, 420 адамның ала алмай жүрген ақшасы 120 миллион теңгеге жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарасыз күйде қалған тұрғындар Қапшағай қалалық әкімдігіне барып, жергілікті биліктен көмек сұрады. Ал шаһар басшысы Талғат Қайнарбековтің сөзінше, бұл казиноның 4 құрылтайшысы бар.

«Сол құрылтайшылардың арасында ауызбіршілік жоқ. Сондай-ақ еңбекақыларын ала алмай жүрген жандардың көбісінің аталған мекемемен келісімшарттары жоқ», - деді Т. Қайнарбеков.

Енді бұл мәселеге қала билігі мен прокуратура қызметкерлері араласады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз