Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Д.Ақышев – 2018 жылғы 5 айда валюта нарығындағы ахуал тұрақты

Д.Ақышев Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері мамырдың соңында 31,2 млрд. АҚШ доллары, Ұлттық қордың активтері 59,2 млрд. АҚШ доллары болғанын атап өтті.

Сурет : total.kz12 Маусым 2018, 10:36

Инфляция ағымдағы жылғы бес айда 2,4% болды, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштерден төмен. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана қаласында өткен Үкімет отырысындағы «Әлеуметтік-экономикалық дамудың және республикалық бюджеттің орындалуының 2018 жылғы 5 айдағы қорытындылары туралы» сөйлеген сөзінде айтып берді, деп жазады zakon.kz.

Ол жылдық инфляция өткен жылдың соңындағы 7,1%-бен салыстырғанда мамырда 6,2%-ға дейін төмендегенін атап өтті. Осылайша, инфляция деңгейі 2018 жылға арналған 5-7%-дық нысаналы дәлізге сәйкес келеді.

«Инфляциялық күтулердің төмендеуі байқалады. Мамырда халық арасында жүргізілген пікіртерім нәтижелері бойынша бір жыл алға күтілетін инфляцияны сандық бағалау жыл басындағы 7,1% мәннен және сәуірдегі 6,3% мәннен төмендеп, 6% деңгейінде тұр», - деп түсініктеме берді Д. Ақышев.

Оның айтуынша, инфляциялық процестердің баяулауы және осы үрдістің орта мерзімді перспективада сақталуын бағалау базалық мөлшерлемені төмендетудің негізгі талаптарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың басынан бастап ол төрт рет 10,25%-дан 9%-ға дейін төмендетілді.

«2018 жылғы бес айда валюта нарығындағы ахуал жалпы алғанда тұрақты болды. Ұлттық валютаның бағамын белгілейтін факторлар оңтайлы қалыптасты. Ағымдағы жылы теңге жылдың басынан бері бір АҚШ доллары үшін 333, 8 теңгеге дейін 0,4%-ға шамалы әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 318,3-334,0 теңге аралығында өзгерді», - деді Ұлттық Банк Төрағасы.

Қорытындылай келе Д.Ақышев Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері мамырдың соңында 31,2 млрд. АҚШ доллары, Ұлттық қордың активтері 59,2 млрд. АҚШ доллары болғанын атап өтті.

Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бастап 1,4%-ға немесе 1,3 млрд. АҚШ долларына ұлғайып, 90,4 млрд. АҚШ долларын құрады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер