Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматылық ғалымдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында экспедиция ұйымдастырды

«Бір апта ауылға» атты кәсіби-танымдық экспедициялық топ ұйымдастырылды.

Сурет : www.zakon.kz12 Маусым 2018, 12:21

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенованың ұйытқы болуымен «Бір апта ауылға» атты кәсіби-танымдық экспедициялық топ ұйымдастырылды, деп хабарлайды zakon.kz оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Оқу орнының ғалымдарынан құралған топ Алматы облысындағы қасиетті орындар мен киелі кешендерді нақтылау және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру бағытында құрылды.

Құрамы 10 адамнан жасақталған экспедиция Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында жолға шықты. Педагогика ғылымдарының кандидаты Г. Абдрасилова жетекшілік жасаған құрам маусым айының 6-10 күндері аралығында Алматы облысындағы Кербұлақ, Сарқант, Панфилов, Іле және Жамбыл аудандарында болды.

– Кәсіби-танымдық экспедиция барысында аталған аймақтардағы тарихи жадымыз бен санамызды қалпына келтіру, оларды көпшілікке кеңінен танымал болуын насихаттау міндеті жүктелді. Экспедиция барысында университет ғалымдарының жоғары біліктілігі мен ұйымшылдығының арқасында жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде орындалды. Біз өз төл тарихымыздың негіздерін ғылыми түрде дәйектеп, мәдени-рухани құндылық¬тарымызды жаңаша сараптауға тиіспіз, – дейді Қыздар Университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Жандар Асанның айтуынша, экспедиция барысында аталған аудандардағы білім беру мекемелерімен ынтымақтастық орнату, аймақтағы киелі жерлер бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, білімді оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын ояту және оларға кәсіптік бағдар беру сияқты жұмыстар орындалды. Сондай-ақ, осы аймақтардағы «Қазақстанның 100 киелі орындарының» тізіміне кіретін нысандарға және көпшілікке таныла қоймаған киелі, қасиетті орындарға экскурсия жасалды.

– Еліміздің қасиетті жерлерін түгендеу, қағазға түсіру жай ғана тізімдеп шығумен бітпейді. Дегенмен де әлі де ашылмаған, айқындалмаған тарихи нысандар бар. Қазақстанның түкпір-түкпірін осы тақылеттес арнайы экспедициялар аралап жүріп шығуға тиіс. Білікті мамандардан құралған экспедициялық топ жұмысының нәтижесінде жас ұрпақтың бойында жаңа қазақстандық патриотизм мен мемлекетшілдік рухты сіңіру үшін бірқатар жұмыстар атқарылуы қажет деген байламға келдік. Олардың қатарында қасиетті орындардың тізіміне енбей қалған нысандарды іздеу жұмыстары одан әрмен жүргізу, аймақтағы тарихи тұлғалар туралы жергілікті халықпен бірлескен жеке зерттеулер ұйымдастыру және қасиетті киелі орындар туралы толыққанды зерттеу жұмыстары жүргізіліп нәтижесін оқулықтарға енгізу сияқты жұмыстар бар, – деп атап өтті Жандар Асан.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер