АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды

Baq.kz Baq.kz
Санкция салуға ресейлік жеке және заңды тұлғалардың Ливиямен байланысы және кибершабуылдарға қатысы бары себеп болғаны айтылады.

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы жаңа санкциялар салынғанын хабарлады. Министрліктің мәліметінше, жаңа санкцияға ресейлік үш компания мен Ресеймен байланысты екі халықаралық құрылым ілінген, деп хабарлайды Baq.kz.

Азаттықтың мәліметіне қарағанда, санкция Санкт-Петербургтің сүңгуір және суастында қолданылатын құрал-жабдықтар жасаумен айналысатын "Дайвтехносервис" компаниясы мен оның иесі Владимир Каганскийге, компанияның бас директоры Александр Трибун және менеджері Олег Чириковке салынған.

АҚШ қаржы министрлігінің дерегі бойынша, "Дайвтехносервис" 2011 жылы Федералдық қауіпсіздік қызметімен 1,5 миллион долларға суасты аппараттарын жасау туралы келісім жасасқан.

Ведомство хабарламасында санкция салуға ресейлік жеке және заңды тұлғалардың Ливиямен байланысы және кибершабуылдарға қатысы бары себеп болғаны айтылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз