Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өскеменде 17 жастағы бозбала жоғалып кетті

Үш күн болды еш хабар жоқ.

Сурет : altaynews.kz12 Маусым 2018, 17:07

Ерзат Ғазезовты туған туыстарының іздестеріп жатқанына үш күн болды. 9 маусымда Ерзат ата-анасымен бірге «Ивушка» дүкенінің маңындағы асханадан тамақтанып, артынан белгісіз бағытта кетіп қалған, деп хабарлайды altaynews.kz.

Үйден тек жеке бас куәлігін ғана алыпты. Сөмкесін, жеке заттарын, тіпті ұялы телефонын да қалдырып кеткен екен.

Бұған дейін Ерзат үйінен ескертусіз кеткен емес. Психикалық ауытқулары да жоқ. Жуықта Семейге баруды жоспарлап жүргенін айтқан көрінеді.

Ерекше белгілері: бойы — 160 см, орта денелі, оң жақ аяғы ақсайды, жоғалып кеткен күні аяғында қара кроссовки, үстінде қара футболка және қара джинсы, өзімен бірге қара сырт киімі де болған.

Ерзат Ғазезовты көргендер болса, не ол туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-777-790-84-34 немесе 102.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер