Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда азанның дауысына шағымданатындар көбейген

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2018 15:15 sputniknews.kz
Дін істер министрлігі мешіттердің басшылығын азанның дауысын реттеуге шақырды.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мешіттердегі азанның дыбыс деңгейін қоғамдық ғимараттарды ұстауға арналған талаптарға сәйкестендіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр деп жазады sputniknews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта мемлекеттік органға мешіттердегі азанның дыбыс деңгейін реттеуге қатысты көптеген өтініш келіп түскен.

Осы тұрғыда Дін істері комитеті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен және облыстардың, Астана мен Алматы қалалары Дін істері жөніндегі басқармаларымен бірлесіп, мешіттердегі азанның дыбыс деңгейін тұрғын үй және басқа үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды ұстауға және пайдалануға арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталған талаптарға сәйкес, пәтерлердің бөлмелеріне шудың ену нормалары сағат таңғы 7.00-ден түнгі 23.00-ге дейін 55-тен 70 дБА (децибел), ал, сағат 23.00 ден 7.00-ге дейін 45-тен 60 дБА (децибел) болу қажеттігі көрсетілген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұсынымдарын және азанның дыбыс ырғағын асырмауға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ұстанады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты мешіттердің басшылығын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың нормаларын сақтауға және тұрғындарды егер олардың әрекеті қолданыстағы заңнамаға қайшы келмесе, діни рәсімдерге түсіністікпен қарауға шақырамыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: