Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

«Кедентранссервис» АҚ вице-президенті мен оның әріптесіне не үшін айып тағылды

Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу негізіндегі жалпы қамқорлығы және мүдделік қолдағаны үшін, ЖШС өкілінен 17,5 млн. теңге сомасында ақша қаражатын алған - Нұрлан Жахин.

Сурет : zakon.kz13 Маусым 2018, 17:35

«Кедентранссервис» АҚ вице-президенті Қ. Мұқанов пен сатып алуды және шартпен жұмыс істеуді ұйымдастыру басқармасының бастығы Дулат Уваев Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу негізіндегі жалпы қамқорлығы және мүдделік қолдағаны үшін, ЖШС өкілінен 17,5 млн. теңге сомасында ақша қаражатын алған. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифингте Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуы бойынша, 6 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның Астана қаласы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, фигуранттардың қылмысы әшкереледі.

"Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу негізіндегі жалпы қамқорлығы және мүдделік қолдағаны үшін, ЖШС өкілінен 17,5 млн. теңге сомасында ақша қаражатын алған. Тергеу барысында ағымдағы жылдың ақпан айында «Кедентранссервис» АҚ және ЖШС арасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 23 927 000 теңгеге шарт жасалғандығы анықталды. Іс жүзінде келісімшарттық міндеттемелер орындалмады және жұмыс та іске аспады. Алайда, күдіктілер өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланып, жоғарыда аталған сомаға жасалатын жұмыстардың құны бойынша жалған актілерді, шот-фактураларды және сертификаттарды қабылдап, қол қойған», - деді ол.

Мұқанов пен Уваевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер