Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

EGov.kz-тан басқа адамға анықтаманы қалай алуға болады

«Анықтамасыз көрсетілетін қызметтерді» сұрату бір реттік SMS- пароль арқылы жеткілікті

Сурет : Today.kz14 Маусым 2018, 11:20

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жеке тұлға eGov.kz порталында басқа адамның атына электрондық анықтаманы алуға ниет білдіруші, ЭЦҚ-ны қолданбай-ақ бір реттік SMS-пароль арқылы порталға кіріп, сұранысқа қол қою жеткілікті. Бұл туралы zakon.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ» баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ал «Анықтамасыз қызметтер» жобасын іске асыру шеңберінде пилоттық режимінде үшінші тұлғамен анықтама алу қызметі осы жылдың қаңтар айында іске қосылғанын естеріңізге саламыз.

Бұл процесс қазір қалай өтеді?

Мүдделі тұлға порталға кіріп, «Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі» бөлімін таңдап, анықтамасы қажет болатын адамның ЖСН-ын енгізеді. Егер сол азамат азаматтардың мобильдік деректер қорында тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтаманың қажетті түрін таңдап, сұрау салуды бір реттік SMS пароль арқылы растайды.
Бұдан кейін азаматқа порталдың Жеке кабинеті мен SMS хабарлама арқылы 2 сағат ішінде анықтаманы алуға рұқсат беру немесе бермеу жөнінде хабарлама жіберіледі. Ол рұқсат берген жағдайда мүдделі тұлғаның Жеке кабинетіне осы анықтама түседі.

Ескерту: егер азаматтың атына анықт

аманы алуға заңды тұлға немесе мемлекеттік орган сұраныс жасаса, олар оны өзінің ЭЦҚ-сымен растауы қажет екенін атап өтеміз.

Үшінші тұлғалар сіздің атыңызға eGov порталы арқылы қай анықтамаларды алуға сұраныс жасай алады?
 Мекенжай анықтамасы;
 Жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
 Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама;
 Сотталғандықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Анықтама ретінде:
«ҰАТ» АҚ мәліметі бойынша, осы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде үшінші тұлғалар осы қызмет арқылы 4344 мекенжай анықтамасын, 853 жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтаманы, 290 жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы и 306 сотталғандықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы алған.

Осы қызметті пайдалану үшін Азаматтардың мобильдік деректер қорында тіркелу қажет. Ол үшін пайдаланушы электрондық үкімет порталының «жеке кабинетіндегі», «телефон» сызық жолына телефон нөмірін енгізіп, осылайша өзін eGov.kz порталындағы mGov мобильдік қорында тіркеу немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистарына (ХҚКО/арнайы ҚКО) жүгініп, телефон нөмірін ЖСН-ге бекітуі керек екенін естеріңізге саламыз.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер