Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодар облысында бес айда 800-ден астам адам жүргізуші куәлігінен айырылған

Білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелерде «Қамқор ана», «Ақылды жүргізуші» сияқты акциялар ұйымдастырылады.

Сурет : Рavlodarnews.kz 15 Маусым 2018, 17:11

Павлодар облысында биылғы жылы бес айдың ішінде ішімдік тұтынып көлік басқарған 823 адам жүргізуші куәлігінен айырылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Жасқайрат Қайыров мәлім етті.

- Мұндай шара мас жүргізушілердің қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғаларын 66,6 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, - дейді Жасқайрат Қайыров. – Жол апатының алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейд және «Қауіпсіз жол», «Мас жүргізуші», «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шаралары өткізіліп тұрады. Қалалардың орталық көшелері мен қиылыстарында 22 билборд және жол бойында жол қозғалыс ережелерін сақтау туралы жарнамалар ілінген.

Білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелерде «Қамқор ана», «Ақылды жүргізуші» сияқты акциялар ұйымдастырылады. Ведомство бастығы биылғы жылы 33 мыңнан астам құқық бұзушылық фактісі анықталып, 277 млн 447 мың теңге айыппұл салынғанын атап өтті.

Оның 176 млн теңгесі өндіріп алынған.

- Кәмелетке толмаған 810 жасөспірім мен тәрбие беруде салғырттық танытқаны үшін 301 ата-ана, сауда нүктелері мен көңіл көтеретін орындардың 308 жұмыскері әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - дейді полиция бастығы. Ақбота Сейсенбаева


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер