Жаңалықтар тізбегі
0

Аударылған вагонда қайтыс болған бала ата-анасымен Ыстықкөлге демалуға бара жатқан

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2018 22:56 Baq.kz
Теміржол апаты 12 жастағы Алексей Малинёвтың өмірін жалмаған.

Жамбыл облысы Шу ауданында 17 маусымда орын алған теміржол апаты 12 жастағы Алексей Малинёвтың өмірін жалмаған. Қайғылы оқиғаның белгісіз жақтары мен қайтыс болған жасөспірімнің туралы Малинёв отбасының жақын құрбысы Наталья Шайхова айтып берді. Бұл туралы туралы Baq.kz хабарлайды.

«Кушок ауылына олар осыдан 10 жыл бұрын көшіп келген. Леша осы жылы алтыншы сыныпқа көшуі керек болатын. Ольга мен Григорий жақын манда көмір өндіретін компанияда жұмыс істейді. Әкесі дәнекерлеуші, ал анасы тазалаушы қондырғыларда жұмыс істейтін. Отбасы өте тату болатын, олардың Лешадан басқа Андрей есімді кіштентай ұлы бар. Балалар өте белсенді және достары да көп болатын. Сол күні олар Қарағандыдан Алматыға жолға шыққан, ал ол жерден Ыстықкөлге кетуі керек еді. Бұл отбасы үшін көптен күткен демалыс болатын және ол үшін олар ұзақ ақша жинаған. Барлығымыз есеңгіреп қалдық, Лешаның апасы болған жағдайға әлі де сене алмайды. Бүгін Лешаны алып келеді деп күтіп отырмыз», – дейді Наталья Шайхова.

Кушок ауылы Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында, қаладан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгінде ауыл тұрғындары отбасына көмек көрсету үшін қаржы жинауда. Ал, ҚТЖ-да қайтыс болған баланың отбасына төленетін өтемақының сомасы мен ТЖ бойынша одан ары әрекеттері анықталуда.

«Апалары олармен бірге бір алаңда өмір сүреді. Ол оларды демалысқа жіберіп, өзі екі үйді қарап қалған. Бүгінде балалар Лешаны ойнауға шақырып келуде, ал ол болса «Леша жоқ, ол қайтыс болды», деп жауеп беруде. Бүгінде жерлеу мәселесі шешілуде», – дейді отбасының жақын құрбасы.

Айта кетейік, оқиға орнында бас көлік прпокуратурасы, жергілікті атқарушы органдар мен барлық төтенше қызметтер жұмыс істеуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: