Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әлемде 45 млннан астам адамның көзі мүлдем көрмейді

Соңғы жылдары іштей туа біткен аурулар глаукома мен көз жарақаттары жиі кездеседі.

Сурет : www.movablemark.com19 Маусым 2018, 15:23

Егер бас, көз немесе оның айналасы қабақ үсті ауырса, бұл қабынудың немесе көз қан қысымының артуынан хабар береді. Сау көз қышымайды, ауырмайды, жасаурамайды, алыстан да, жақыннан да жақсы көреді деп жазады QAZAQSTAN телеарнасы.

Алысқа тіке қараған кезде көру аумағы 180 С қамтуы тиіс. Әдетте көздің көру деңгейі 40-50 жастан асқан адамдарда ғана нашарлайды. Алайда, қазіргі таңда көз аурулары жас таңдамайтын болып барады. Ол тұқым қуалайды. Сондай-ақ, экология, шектен тыс күйзеліс, экран алдында көп отыру, зиянды әдеттер сынды сыртқы қысымнан бөлек, ішкі факторлардың да әсері көп.

Ол әртүрлі эндокриндік аурулар. Мысалы, қант диабеті. Одан басқа травмалар болуы мүмкін. Сонымен қатар, көзге ультракүлгін сәулесі де зиян. Статистикаға сүйенсек, әлемде 45 млн. астам адамның көзі мүлдем көрмейді. 135 млн. адам түрлі көз ауруларына шалдыққан.

Соңғы жылдары іштей туа біткен аурулар глаукома мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Әсіресе, басыр, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу ауруларының саны басым. Көздің көруі нашарлағанда арнайы дәрігердің көмегіне жүгініп, дереу көзілдірік таққан дұрыс.

Көзілдірікті дер кезінде тағу, оны дұрыс таңдап алу көздің бірқалыпты көруіне көмектеседі. Бұл қатарда линзалар да бар.

Дегенмен, оны дұрыс қолданбау көзге кері әсерін береді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер