Кәмшат Жолдыбаева бейтаныс жігітпен түскен сексуалды суреттерін жариялады

stan.kz stan.kz
Әдеттегідей, желі қолданушылары Кәмшатты жаппай сынға алған.

Желіге бейтаныс жігітпен бірге түскен ашық мәндегі фотоларын жүктеген Кәмшат Жолдыбаеваның басы тағы дауға қалды! Instagram қолданушылары өнер иесін “шектен шықты” деп айыптауда. Алайда айтқанынан қайтпайтын Кәмшат жұрттың пікіріне мән бермеуді әлдеқашан үйренген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Жолдыбаеваның ашық-шашық образдары қазақы орта өкілдерінің әлдеқашан көңілін қалдырған. Дәл осы себепті актриса үнемі сын астында қалады. Алайда соған қарамастан, Жолдыбаева өнердегі бағытын, ұстанымын өзгертуге асықпайды. Баян Алагөзованың шәкірті өзін бар болмысымен елге көрсеткенді жақсы көреді.

Бұл жолы Кәмшат бейтаныс жігітпен түскен ашық мәндегі суреттерін желіге жүктеймін деп дауға қалды. Фотоларда Жолдыбаева мен есімі белгісіз сері бір-біріне деген құштарлық және махаббат сезімдерін көрсетуге тырысқан. Белгілі болғандай, аталған кадрлар арнайы фототүсірілім үшін жасалған.

Әдеттегідей, желі қолданушылары Кәмшатты жаппай сынға алған. Жұрттың сөзінен мезі болса керек, актриса парақшасындағы барлық пікірлерді өшіріп тастаған.

Естеріңізде болса, Кәмшат сайтымыздың тілшісіне берген сұхбатында оқырмандарына ойлау қабілеті мен сана-сезімін жетілдірсе деген сәлемін жолдаған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз