Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2018 16:11 www.inform.kz
Бадам тәрізді мөрі бар жүзікте араб тілінде Әбілқайыр ханның есімі жазылған.

Ақтөбелік қолөнер шебері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ерқосай Әбілов Әбілқайыр ханның күміс мөрін қайта жасап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шебер Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің тапсырысы бойынша мөрі бар жүзік, қанжар мен күміс төс белгінің көшірмесін жасап шықты. Бадам тәрізді мөрі бар жүзікте араб тілінде Әбілқайыр ханның есімі жазылған.

«Мен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің тапсырысы бойынша күміс жүзікті Әбілқайыр ханның мөрінің суретіне қарап отырып жасадым. Сондай-ақ, тапсырыс бойынша қанжар мен күміс төс белгіні де әзірледім. Төс белгіде Кіші жүз қазақтарының бірлігі - «үш Арыс» белгісі бар, оның айналасында 25 рулық тайпа бейнеленген. Белгінің жоғарғы жағында араб тілінде Әбілқайыр ханның аты мен атағы - «Әбілқайыр баһадүр хан хазіретті ибн сұлтан» ойылып жазылған», - дейді шебер.

Қанжар мен төс белгінің дизайнын шебердің өзі жасаған. Бұл жәдігерлер биыл жаңа ғимаратқа көшетін облыстық тарихи-өлкетану музейіне беріледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: