Жаңалықтар тізбегі
0

Өтірік айту денсаулыққа зиян

massaget.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2018 18:00 massaget.kz
Болмаған оқиғалар мен олардың егжей-тегжейін есте сақтау қиынға соғады.

Өтірік айту денсаулыққа зиян – бұл ғылыми факт. Адам өтірік аз айтқан сайын өзін физикалық және моральді тұрғыда жақсы сезіне бастайды. Ал кезекті өтірікті ойлап табу кезінде ағзаға не болады? Бұл туралы massaget.kz жазды.

1. Күйзеліс гормонының деңгейі жоғарылайды

Болмаған оқиғалар мен олардың егжей-тегжейін есте сақтау қиынға соғады. Оның үстіне кімге қандай өтірік айтқаныңды ұмытпай, шатаспау керек. Өтірігіңді біліп қоймаса екен деп уайымдау да бар. Соның нәтижесінде, ішкі жайсыздық туады. Ол бүйрек безінің қанға күйзеліс гормонын шығаруына әкеледі.

2. Ауырып қалу қаупі жоғарылайды

Күйзеліс – эмоционалды жағдай емес, нақты физиологиялық процесс. Қанға кортизол (күйзеліс гормоны) мен адреналин тастаған кезде, ағза иммунды реакцияны сөндіріп тастайды. Бұл қалыпты жағдай, бірақ егер күйзеліс созылмалы болып кетсе, ағзаның ауруларға деген орнықтылығы қатты төмендейді. Әрдайым уайымдағаннан, иммунды жүйе бактерияларға, вирустарға, тіпті қатерлі жасушаларға да әсер ете бастайды.

3. Ағза әлсірейді

Өтірік ағзаға залдағы жаттығу секілді салмақ түсіреді. Бірақ өтіріктің денсаулыққа және дене пішініне ешқандай пайдасы жоқ. Өтірік көбейген сайын күшті көбірек жоғалтады. Сондықтан адам өзін қатты шаршаңқы сезінеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: