Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 30 мыңнан астам «ақылды» шамдар орнатылады

lenta.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2018 18:21 lenta.inform.kz
Көшені жарықтандыру жекенің қолына өтпек.

Астанада 30 мыңнан астам "ақылды" шамдар орнатылады. Жаңа "ақылды" шамдар қаладағы электр энергиясын 30% үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көшені жарықтандыру жекенің қолына өтпек. Осыған орай, қала әкімдігі Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы көшені "ақылды" жарықтандырумен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы конкурс жарияламақшы.

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының отын-энергетикалық ресурс бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұловтың айтуынша, қазіргі таңда қала көшелерін түрлі типтегі бірыңғай стандарты жоқ шамдар жарықтандыруда.

"Кейбір жерлерге энергия үнемдейтіні орнатылған, кейбір жерлерде ескі типтегісі орнатылған, ал қазір барлық жерге бірдей етіп жарықтандыру орнату қажет. Ол үшін аудан әкімдіктерінің балансында тұрған 30 мыңнан астам ескі шамдарды ауыстыру жоспарланып отыр", – деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, олар тек энергия ғана үнемдеп қоймайды, ең бастысы "ақылды" шамдар.

"Шамның автоматты режимде жанып, сөніп тұруына басымдық беретін жүйе орнатылады. Осылай жанып-өшіп тұратынын реттейтін арнайы жарық датчигі болады. Сондай-ақ диспетчрлік пункт те құрылады, олар автоматты режимде қай учаскеде шам сөніп қалды, қай жерде апат болды, қай жерде жарық жоқ, шам қайда күйіп кетті, соның бәрін диспетчерлік пунктте бақылап тұруға болады", – деді Мақсат Есмағұлов.

Қазіргі таңда МЖӘ-жобасының конкурстық құжатын әзірлеу аяқталды. Конкурсты 22 маусым күні жариялау жоспарлануда. Оған біліктілік талаптарына жауап бере алатын барлық әлеуетті қатысушылар жберіледі. Конкурстың құжаттық көшірме пакеттерін қалалық "AstanaInvest" инвестицияларды дамыту орталығынан конкурстың өтетінін жариялағаннан күннен бастап тегін алуға болады. Өтініштерді қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасады.

Конкурстың жеңімпазымен келісімшартқа қол қоюды қыркүйектің соңына таман жоспарлап отыр. Осыдан кейін жекеменшік әріптес қуат көзін үнемдейтін шамдарды орнатуға кірісуі тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: