Төреғали Төреәлі өз өмірі жайлы фильм түсірмек

Stan.kz Stan.kz
Ол “Ұлы дала комедиясы” фильмінің түсірілімін бастап кеткен.

Соңғы кездері шоу-бизнес өкілдері кинематография саласына араласа бастады. КВН ойындары арқылы танылған Нұрлан Қоянбаев табысты кинопродюсерлердің көшін бастаса, Қайрат Нұртас пен Бүркіт фильмдерін халыққа ұсынып үлгерді, деп жазады Stan.kz.

Ерке Есмахан да “Кафе махаббат” деп аталатын туындысын көрерменге ұсынуға дайындалып жатыр. Еркенің сахналық экс-жұбы Төреғали Төреәлі де әріптестерінен қалыспайын деді ме, әлде өзін сынаған жұртқа фильм арқылы жауап бергісі келді ме, әйтеуір толықметражды фильм түсіруге кірісті.

Ол “Ұлы дала комедиясы” фильмінің түсірілімін бастап кеткен. Бұл туралы Төреғали Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын. “Бисмилләh” деп түсірілімді бастадық. Сәттілік тілеп қойыңыздар”, – деп бөлісті ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз