Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде жол бойында егізін босанып қалған әйелдің 1 сәбиі шетінеп кетті

sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 23:29 sn.kz
Егіз қыздарды ерте дүниеге әкелген 21 жастағы келіншек Ақтөбедегі перинаталды орталықта жатыр.

21 мамыр күні жол бойында дүниеге келген егіздің сыңары шетінеп кетті деп жазады Sn.kz.

Егіз қыздарды ерте дүниеге әкелген 21 жастағы келіншек Ақтөбедегі перинаталды орталықта жатыр. Бүгін, яғни 25 маусым күні ол қос сәбиінің бірінен айрылып қалды.

"Бұл әйелдің бірінші толғағы. Жолдың бойында екі бірдей сәбиін дүниеге әкелді. Қайтыс болған қызының салмағы - 1242, екіншісі - 1256 грамм боп туған. Аналары қазір күйзелісте", - деп хабарлайды қалалық балаларға арналған периналды орталығы.

Дәрігерлер екінші сәбиді аман алып қалу үшін қолдарынан келгенін жасап жатыр. Ал әйелдің денсаулығы орташа.

Айта кетейік, 21 маусым күні Ырғыз ауданында жедел жәрдеммен ауруханаға бара жатқан жүкті әйел жолда толғағы қысып, босанып алған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: