Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бүгін еліміздің кей өңірінде күн жаңбырлы болып, жел күшейеді

Қазақстанның батысында ғана күн ашық болады.

Сурет : 24.kz26 Маусым 2018, 09:38

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің кей жерлерде күн жаңбырлы болып, жел күшейеді, тіпті бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысында ғана күн ашық болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының бірқатар бөлігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңға жуық тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады және бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында жел секундына 15-22 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында ыстық, кей жерлерде қатты ыстық болады. Маңғыстау, Атырау облыстары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі туындайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер