Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жеңіс Қасымбек Шудағы поезд апатының негізгі себебін атады

Кінәлілерді арнайы комиссия анықтайды.

Сурет : mid.gov.kz26 Маусым 2018, 12:47

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шу қаласында апатқа түскен поездға қатысты тергеу барысын айтты деп жазады Zakon.kz.

Журналистердің апатқа қатысты қойған сұрақтарына, министр негізгі себебін атады.

Мен бірнеше мәрте қайталап өттім, апат жолдың жағдайына байланысты болды. Бүгінгі күні, поезд қарсы жолдағы жүк поездымен соқтығысып қалды деген нұсқа дәлелін таппады. Апаттың негізгі себебі жолдың нашарлығына байланысты болды. Жолдың жай-күйі, көктемде өткізілген жөндеу жұмыстарының сапасы туралы, күнделікті тексеру туралы мәселе, -деді министр.

Қасымбек сондай-ақ, негізгі кінәлілерді арнайы комиссия анықтайды деп атап өтті.

17 маусымда Жамбыл облысында Астана-Алматы бағыты бойынша жылжып келе жатқан «Бәйтерек» поезды рельстерден шығып кетті. Апат Шу станциясының маңында орын алды. Салдарынан 12 жасар жасөспірім қаза тауып, 22 адам зардап шекті.

Әйгерім Тарина


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер